«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Алексей Шпилевский: «Біздің алдымызда жеңіске жетіп, осы маусымды позитивте аяқтау міндеті тұрды»
Қайрат

Алексей Шпилевский: «Біздің алдымызда жеңіске жетіп, осы маусымды позитивте аяқтау міндеті тұрды»

10 ноября 2019
/ 12:00

«Қайраттың» бас бапкері Алексей Шпилевский матчтан кейінгі баспасөз мәслихатында «Атырауға» қарсы матчқа түсініктеме беріп, сондай-ақ БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.

- Барлығына қайырлы кеш. Барлықтарыңызды маусымның аяқталуымен құттықтаймын! Бүгін біздің алдымызда жеңіске жетіп, осы маусымды позитивте аяқтау міндеті тұрды. Бүгінгі матчтың ұраны: жақсы, сапалы және жылдам футболды көрсету. Бірінші тайм қорытынды турдың типтік ойыны болды. Екінші таймға ризамын. Бізде көптеген мүмкіндіктер болды, бірақ сәттерді жақсы жүзеге асыра алмадық. Ең бастысы, бүгін жеңіске жеттік. Ол үшін менің жігіттерге алғысым шексіз.  Келесі жылы  өз деңгейімізді дәлелдеуге жаңа мүмкіндік болады.

- «Атырау» шоттағы айырмашылықты қысқартқан кезде, сізде олар есепті теңестіреді деген қорқыныш болды ма?

- Шынымды айтсам, жоқ. Жігіттердің гол соға алмаған кезде уайымдайтыны түсінікті, сол кезде саған гол соғады. Психологиялық түрде мұндай жағдайда бірінші рет болып жатқан жоқпыз. Жаттығу кезінде басқаша қысым, ал ойында бөлек қысым болатыны түсінікті, бірақ  жігіттер жақсы жұмыс атқарды. Шыдап қана қойған жоқ, қысым да көрсетті, қарсыласты біздің қақпадан алыстатып, өздері де шабуылдады.

- Томасовпен Эсеоланың бомбардирлік жарысы туралы не айтасыз?

- Біз Дериннің ойын стилін білеміз, оған қашып кететін аймақтар қажет. Ол өзінің қай жаққа қарай жұмыс істеу керектігін біледі. Кеше жарыс алдындағы жаттығуға дейін біз онымен ұзақ әңгімелестік. Фортуна оның жағында болмаған матчтарда ол басқа жаққа күш - жігерін жұмсауы керек-командаға көмектесу, қарсыластың берген пасын ұстап қалу. Ол үздік бомбардир болуға лайықты екенін дәлелдеп, өткен маусымға қарағанда көп гол соқты.  Өкінішке орай, бүгін ол біреуден артық гол сала алмады, бірақ сәттер болды. Әрі қарай жұмыс істейміз.

- Биылғы жылы не жүзеге асты, ал не жүзеге аспады?

- Жігіттер алға қадам жасады. Біз жас қазақстандық футболшыларға өзін көрсетуге мүмкіндік бердік. Біздің ойыншыларымыздың көп бөлігі Қазақстан құрамасына шақырту алғанына қуаныштымын. Сондай-ақ, Еуропа чемпионатына кеткен Яна Вороговский үшін де қуаныштымын. Біздің көңіліміз толмайтын жерлер де бар, бірақ бұл ұжым ішінде қалсын. Нәтиже шығарып, маусым алдындағы кезеңде мұны жақсартуға тырысамыз.

– Екінші таймда сіз академияның үш тәрбиеленушісін-Оразов, Шушеначев және Астановты шығардыңыз. Олардың ойынын қалай бағалайсыз?

- «Ертіспен» болған матчтан кейін, «Атыраумен» ойында біз жастарға өзін көрсетуге мүмкіндік беретініміз анық болды. Ойынға дейін  олардың алаңға шығатыны белгілі болды. Барлығы тырысып бақты. Оларда барлығы әлі алда. Ең бастысы, олар жаттығуларда барын салып, өздерін көрсетуге тырысады, үлкен ықыласпен жұмыс істейді.  Өзіміздің мақсатымызды біле тұра, біз бірінші турдан бастап жергілікті тәрбиеленушілерді шығарудан қорықпадық. Бізде 27-28 футболшылардан тұратын үлкен құрам бар және де жас жеткіншектер бар. Мен үшін жаттығулардың жоғары эмоционалдық деңгейде өтуі маңызды болды. Жігіттер соңғы күнге дейін олардан талап еткен заттарды орындады.

- Маусым аяқталды. Команда келесі маусымға қарай күшейе бастайды деп айтуға бола ма?  Команданың ағымдағы құрамынан кім шығады?

- Бізді шешім қабылдайтын жиналыс күтіп тұр. Әрине, күшейту керек. Командаға жаңа қан қажет. Сіздер біздің ойынымыздың суретін білесіздер, сондықтан да біздің ойынымызға сай келетін ойыншыларды іздейміз. Олар біздің тәрбиеленушілерімізден, қазақстандық футболшылардан әлдеқайда мықты болуы керек. Тек осы жағдайда ғана біреуді сатып алудың мағынасы бар. Ең бастысы, олар барын салуға дайын болуы қажет.

- Қорытынды жасай отырып, сіздің пікіріңізше - маусымның басты қателігі және басты артықшылығы?

- Біз сәуір айында көп нәрсені жіберіп алдық. Алайда, мен сол кезде де, қазір де дамуымызға риза болдым және біз одан әрі дамуға ұмтыламыз. Тек бұл үшін уақыт қажет. Келесі маусымда команда құрып, оны жаңа деңгейге шығаруға болатын бізде басқа іргетас пен тәжірибе болады.

 

 

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»