«Қайраттың» бас бапкері Алексей Шпилевский сырт алаңдағы Ertis командасына қарсы матч қарсаңында, команданың Қазақстан чемпионатындағы қалған матчтарға дайындығы жайлы айтты.
- Біз өзіміздің Еуропа Лигасындағы жолымызды аяқтадық, бірақ біз чемпионатта еңсемізді биік ұстап ойынымызды жалғастырамыз. Команда кубокты ойындарда өзін жақсы көрсетті. Енді қалған чемпионаттағы ойындарды осындай дайындықпен өткізу керек. Өткен матчта біз жақсы деңгей көрсеттік. Осы қарқынмен жалғастыру қажет. Мен өзімнің футболисттеріме бізде алдыда қатарын 13 финалдық ойын деп айттым. Ол ойынның әрқайсысында үлкен ықыласпен және де жан-тәнімен берліліп жұмыс жасау қажет. Әр қарсылас бізге мәселе туғызғысы келеді. Біз оларға мәселе тудыруға жол бермеу керекпіз. Бізде чемпион болуға мүмкіндік бар. Барлығы кешегі жаттығуда «Хапоэльмен» ойындағы нәтиженің артта қалғанын көрсетті. Барлығы алдағы матчтарда жеңіске жетуге дайын. Бұл маған ұнайды. Алдағы үш ай өте сәтті өтеді дегенге үміттенемін.
- Еуропа Лигасындағы күресті аяқтау қиынға соқты ма?
- Басында, әрине. Бірақ қанша қиын болса да, тек алға жылжу керек. Жанкүйерлерден көп жақсы және жағымды сөздер, соншама пікірлер алу кремет. Бұл өте маңызды, осы үшін оларға рахмет. Біз маусымның қалған матчтарында олардың қолдауына үміттенеміз. Футболисттер әрдайым жанкүйерлердің эмоцияларын сезінеді. Барлығы біздің қолымызда. Команда жақсы кондицияда. Чемпионаттың соңына дейін осындай дайындықпен жүру қажет. Барлығы чемпион болуды күтуде. Әсіресе, мерейтойлы жылда. Арманға сеніп, әр күні табанды жұмыс істеу керек. Жақында жігіттерге Пепа Гвардиоланың сұхбатын көрсеттім. Одан өткен маусымда командасының ағылшындық турнирдің барлық матчтарын қалай жеңгенін сұрады. Бұл үшін қатал тәртіп және де күнделікті жан-тәнімен беріліп қажырлы еңбектену керек деп жауап берді. Барлық қалған матчтарда барымызды салуға тырысамыз.