«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Алексей Шпилевский: «Біз өз деңгейімізді арттырамыз»
Қайрат

Алексей Шпилевский: «Біз өз деңгейімізді арттырамыз»

05 октября 2019
/ 11:00

«Қайраттың» бас бапкері Алексей Шпилевский «Ақтөбеге» қарсы ойындағы команданың ірі жеңісі туралы айтып, сондай-ақ БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.

- Жігіттерге, ең алдымен, ойынға жауапкершілікпен қарағаны үшін алғыс айтқым келеді. Әрине, нәтиже де қуантты. Менің әріптесім Александр Седневке сәттілік тілеймін. Оған және оның командасына шын мәнінде оңай емес. Олардың Премьер-лигада қалуын тілеймін, себебі олардың жанкүйерлері бүгінде өте белсенді болды және де жақсы футбол атмосферасын құрды. Бұл үшін оларға үлкен рахмет! Әрі қарай жылжыймыз, бізде тағы да төрт матч қалды. Қазір тез қалыпқа келу керек. Құрамаға кететіндер жарақатсыз оралады деп үміттенемін.  Олар келген соң «Астанамен» ойынға дайындалатын боламыз.

- Сіз Эсеоланы алмастырдыңыз, ол осы алмастыруға риза болмады. Есеп мүмкіндік бергенін ескере отырып, оны алаңда қалдыру керек пе еді?

- Эсеола барлық шабуылшылар сияқты алаңда 90 минутты өткізгісі келетіні түсінікті.  Онда үш сары қағаз бар. «Астанамен» ойынның алдында тәуекелге барғым келмеді. Біз онымен сөйлестік, бәрі жақсы.

- «Қайрат» маусым бойы «қуып жетуші» рөлінде болды, ал қазір қарсыластар біздің ойынымызды мұқият қадағалауда. Ертең «Астана» - «Ордабасы» матчын көресіз бе, және де бұл матч чемпионатта шешуші рөл ойнай ма?

- Біз қазір де қуып жетуші рөліндеміз. Егер кестеге қарайтын болсақ, біз бірінші орында тұрмыз, бірақ  қазіргі чемпион – «Астана» деп айтамын. Біз оларды қуып жетушіміз. Маусымның соңында не болатынын көрейік. Бізде тағы төрт матч бар, тек өзімізге ғана қараймыз. Ертең, егер де уақыт болса, «Астана» - «Ордабасы» матчын міндетті түрде қараймын. Ойынымыз жоғары деңгейде болуы үшін, өз ойынымызды қадағалау маңыздырақ. Маусымның соңында тағыда қосуға тырысамыз. Бұл қалған матчтарда ең маңыздысы болады.

- Маусымның басында сіз « күте тұрыңдар, ойын болады, ойын келеді»  деп айттыңыз. Бүгінгі ойын күтуге шақырған ойын деп айтуға бола ма?

- Біздің одан әрі ілгерлегеніміз-бұл факт. Біз өз деңгейімізді арттырамыз, алдында айтып кеткендей, мен қандай да бір уақыттан кейін риза боламын, бірақ қазір емес. Жігіттер жарады, оларға осы идеяны қабыл алғандары үшін үлкен рахмет, бірақ біз әлі де 100% - ға діттеген жерімізге  жетпедік. Бізге уақыт қажет.

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»