«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Алексей Шпилевский: «Біз ойынның екінші жартысын әлдеқайда жақсы өткіздік»
Қайрат

Алексей Шпилевский: «Біз ойынның екінші жартысын әлдеқайда жақсы өткіздік»

17 августа 2019
/ 11:00

«Қайраттың» бас бапкері Алексей Шпилевский матчтан кейінгі баспасөз мәслихатында «Таразға» қарсы ойыннан алған эмоцияларымен бөлісті:

- Бүгін сіздер екі түрлі «Қайратты» көрдіңіздер. Бірінші таймда біз апатияға ұшырағандықтан мен командаға ашуландым.  Бесінші минутта біз айып добын алатындай болдық. «Тараздың» алаң ойыншысы қақпашының рөлін атқарды. Ол сәтте неге он бір метірлік берілмегенін түсінбедім. Алғашқы 45 минутта басқаша нәтиже болуы мүмкін еді. Алайда, Тараздың да мүмкіндігі болды. Алаң иелері шабуылда керемет ойнады. Егер команда қалған ойындарда осы бағытпен жүрсе, Премьер-лигада қалуы мүмкін деп ойлаймын.Үзілісте біз барлығын талқылап, ойынды өзгерттік. Кейін схеманы өзгертіп, екі ауыстыру жасадық. Менің ойымша, біз ойынның екінші жартысын әлдеқайда жақсы өткіздік. Керек жинақылық, шабуылда агрессивті ойын болды. Голдар да біз әрдайым қалағандай салынды. Допты алып қоюлар, жылдам ауысулар болды. Дериннің ойынға керемет кіргені де қуантты және де Нұралы Әліп. Ол ойынға тұрақтылық берді.

- Сіз бір апта бұрын ойнаған төрт ойыншыны ауыстырдыңыз. Неліктен?

 - Сергей Политевич және Мартон Эппель сары қағаздың көптігінен ойнай алмады. Исламбек Қуат шағын жарақат алды, біз оны демалдыруды жөн көрдік. Ол жаттықпады. Эсеоланың қосалқы құрамда болуы тактикалық идея.

 - Сіздердің қақпаларыңызға қойылған айып добы әділ ме?      

- Бұл бірінші жартысындағыға қарағанда әлдеқайда болмашы. Бесінші минутта «Тараздың» қақпасына тағайындалған пенальти туралы айтып отырмын. 

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»