Алексей Шпилевский, «Қайрат» ФК бас бапкері:
- Біз тағы да өз жағдаймызды қиындатып жібердік. Өз бұрыштамамыздан өателестік. Бұл қателіктің арқасында қарсылас бізге гол соқты. Біз шабуылда барымызды салуға тырыстық. Гол соғуға көптеген мүмкіндіктеріміз болды, алайда дұрыс іске асыра алмадық. Матч соңында футболшылар ғана емес, бапкерлер тізімі де жүйкелері жұқарып бітті. Алайда ойын нәтижесі қуантарлық. Біз қарсыласымызды лайықты түрде жеңдік.