«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Алексей Шпилевский: «Біз бүгін тағы дамінез көрсеттік»
Қайрат

Алексей Шпилевский: «Біз бүгін тағы дамінез көрсеттік»

26 октября 2019
/ 11:00

«Қайраттың» бас бапкері Алексей Шпилевский «Тобылға» қарсы ойында өз командасының жеңісі туралы өз ойын айтып, жанкүйерлерге мықты қолдау көрсеткендері үшін алғысын білдірді.

- Бүгін біз тағы да мінез көрсеткенімізге қуаныштымын. Әсіресе, өткен аптадағы біз жеңіске жетуге міндетті болған сәтсіз матчтан кейін жігіттер 2-3 күн бойы моральды түрде өз-өзіне келді. Бүгін олар өз деңгейлерін көрсетті, бірінші секундтан бастап топтастырылып, ойынның барлық кезеңдерінде жинақы, агрессивті және динамикалық ойын көрсетті. Үзілісте мен жігіттерге біздің уақытымыз келеді деп айттым. Біз кейбір нюанстарды өзгертіп, өз міндетімізді жақсы орындадық. Біздің жанкүйерлерімізге өз алғысымды білдіргім келеді. Мен осы аптада біздің үш топ бір секторға жиналып, біріктірілгенін естідім. Рахмет! Оларға қарау, әсіресе қолдауларын есту керемет болды. Осындай қолдау өз алаңымызда өтетін әрбір матчта болса деймін. Бізді алда барымызды салатын екі оңай емес матч күтіп тұр. Содан кейін не болатынын көреміз.

- Артур Шушеначевті бірінші голмен құттықтаймыз! Сіздерге жастар командасының бапкерлер штабы ұсыныстар бере ме, әлде өзіңіз «Қайрат-Жастар» ойындарын бақылап, үздіктерді негізгі команданың ойындарына тартасыз ба?

- Біз «Қайрат-Жастармен» бір жаттығу базасында жаттығамыз. Бапкер Александр Арефьевпен күн сайын тілдесіп, ақпарат алмасамыз. Мен әр жаттығуға қатыспасам да, команданы бақылаймын. Әрине, ақпараттың көп бөлігін Александр Петровичтен аламын. Бізге бүгін Дерина Эсеолы жетпеді. Біз қарсылас осындай формацияда ойнайтынын білдік, сондықтан орталықта екінші биік шабуылшы қажет болды. Шушеначев Бірінші лигада жақсы нәтиже көрсетіп, жиі гол соғады, сондықтан біз оған мүмкіндік бердік. Матч соңында ол шешуші голды соқты.

- Конрад Вржещинскийдің Исламбек Куатқа ауыстырылуын түсіндіріңізші. Неге Қуат Конрадтың позициясына емес, қапталға шықты?

- Ауыстырғаннан кейін Георгий Жуковты Конрадтың позициясына жылжыттық. Бұл алдын ала жоспарланған еді.

- Бірінші таймда доп «Тобыл» ойыншысының қолына тиді. Сіз мұндай заттарға назар аударасыз ба?

- Шынымды айтсам, бұған назар аудармадым. Баға бере алмаймын.

- Чемпиондық жарыста кім фаворит?

 - Ештеңе айтпаймын. Жігіттер «Астанамен» матчта қатты жалындап, кейбір жерлерде күйіп кетті. Барлық жағынан тым үлкен қысым болды, сондықтан да сол ойында толығымен ашыла алмаған шығар. Біз келесі ойындарды маусымда бірінші орында тұрғандай, позетивті оймен ойнаймыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»