Алексей Шпилевский, «Қайрат» ФК бас бапкері:
Біздің қазіргі көңіл-күйіміз мәз емес. Өкінішке қарай, бүгінгі матчта жеңілдік. Алғашқы 20 минутта жақсы ойын өрнегін көрсеттік деп ойлаймын. Гол соққан кейін біздің команда еркінсіп кетті десе болады. Барымызды салып ойнамадық. Қарсыластарға бар мүмкіндікті беріп қойып, шайқаста жеңіліп қалдық. Екінші таймда қауіпті ойын болатынын сездік. Айып алаңынан гол өткізіп алдық. Қарсыластарымыз есепті теңестіргеннен кейін жанкүйерлердің қолдауы оларға күш-қайрат бере түсті. Сондай сәттердің бірінде олар тағы да гол салып үлгерді. Біз шабуылды үдетіп, қателік жасадық. «Қайсарда» төрт бірдей тәжіребиелі қорғаушы барын ескермедік. Ойынның аяқталуына 15 минут қалғанда барымызды салдық, есепті теңестуруге тырыстық. Командамыз –жас. Біз үшін мқндай матчтар – үлкен тәжіребие. Ешқандай шағымымыз жоқ. Жұмыс істеуді жалғастыра бермекпіз. Біз бүгін аса тәжіребиелі командамен айқасқа түстік. Төрт күннен соң бізді тағы бір матч күтіп тұр. «Тобыл» қонаққа келеді. Үш ұпай алуға тырысамыз.