«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Алексей Шпилевский: «Бауыржан Исламхан кубоктық ойынға қатысады»
Қайрат

Алексей Шпилевский: «Бауыржан Исламхан кубоктық ойынға қатысады»

05 мая 2019
/ 00:00

Алексей Шпилевский, «Қайрат» ФК бас бапкері:

- Мұндай ауыр ойыннан кейін бірдеңе айту қиын. Команда өте жақсы ойын өрнегін көрсетті, кездесудің алғашқы минутында гол соғуға мүмкіндігіміз болған. Екінші таймда да мұндай сәттер өте көп болды. Бізге үнемі рикошеттен, бұрыштамадан, пенальтиден соғылған голдар соғылады. Жігіттер барын салды. Уақыты келеді – ұпай да аламыз, гол да соғамыз. Әрі қарай жалғасытармыз.

- Клуб маусым басталғанда чемпион атануды мақсат қылған болатын. Алдағы уақытта команданың мақсаты мен тапсырмалары өзгере ме?

- Біздің басты мақсатымыз –команданы жинақтап, жаңа ойын стилін толықтай жақсы нәтижеге ғана бағыттау. Шыдам керек. Бәрі де жеңгісі келеді, мен де. Бүігнгі жеңіліске жігіттерді кінәламаймын. Ары қарай жұмыс істеуді жалғастырамыз. Әлі жолымыз болмай жүр. Қазіргі басты мақсат – команданы болашаққа бағыттау.

- «Қайрат» жаздық трансферлік терезеде жаңа ойыншылар қарастырасыз ба?

- Трансферлік терезе маусым айында ашылады. Бірнеше үміткерлерді қарастырудамыз.

- Эсеоланың ойынына көңіліңіз тола ма? Жанкүйерлер алмастырудан кейін шабуылға ысқырығын жаудыртты...

- Шабуылшы алаңға шыққасын гол соғу керек екені түсінікті. Бәрі де өзінің көңілі толмағандығын жеткізеді. Алайда, ол - «Қайрат» ойыншысы және біз оны кез келген жағдайда қолдауымыз қажет. Біз – үлкен отбасымыз. Эсеола бәрін біледі, түсінеді. Осы матчтан қорытынды шығара отырып, жұмысты жалғастырамыз.

- «Қайраттың» жарақат алған ойыншылары қалай?

- Бауыржан Исламхан сәрсенбіде өтетін «Тобылға» қарсы кубоктық матч аясында ойнайтын болады. Оның алаңға оралғанын тағатсыздана күтіп отырмыз. Бауыржан қазір жаттығып жүр, өзін жақсы сезінеді. Ойнауға деген құлшынысы жоғары. Жарты сағат ойын көрсетуге күші жетеді деп ойлаймын. Рамазан Оразов «Қайсармен»болатын матч алдында жарақат алып қалған болатын. Ол да, Сергей Политевич те қазіргі таңда ем алып жатыр.

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»