«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Алексей Шпилевский: «Барлық футболшыларға ойын тәжірибесін беру маңызды болды»
Қайрат

Алексей Шпилевский: «Барлық футболшыларға ойын тәжірибесін беру маңызды болды»

01 марта 2020
/ 12:00
«Қайраттың» бас бапкері Алексей Шпилевский кеше «Қайрат-Жастар» ойыншыларымен өткізген спаррингтердің маңыздылығын атап өтті. Екі ойын да түркиядағы оқу-жаттығуынан кейінгі бірінші жаттығу аптасын аяқтаған барлық футболшыларға ойын тәжірибесін жинау үшін қажет болды.

Келесі аптада маусым басталады, сондықтан да бізге осы ойындар қажет болды. Сондықтан да барлық футболшыларға ойын тәжірибесін беру, олардың 90 минут ойынға дайындығын тексеру маңызды болды. Сонымен қатар, жаттығу аптасын матчпен аяқтау әрдайым пайдалы.

Мен біздің ОЖЖ-да ойнаған барлық комбинацияларды ойын үстінде көрдім. Көп ақпарат алдым. «Қайрат-Жастар» ойынға деген ынтасының мол екенін көрсетті. Көптеген ойыншылардың өте жас екені түсінікті. Олар өсіп, дамып келеді. Оларға әртүрлі ойын тәжірибесін беру маңызды.

Менің командам екі матчта да гол салуға мол мүмкіндік туғызғанын атап өткім келеді. Біз шабуылдардың түрлі комбинацияларын ойнадық, ойыншылардың соңғы пас кезіндегі өзара іс-қимылдарын пысықтадық. Шабуылдарды іске асыру бойынша жұмысты жалғастырамыз. Мен біздің футболшылардың ойынына ризамын. Бүгін команда демалып жатыр, ал ертең біз Премьер-лиганың алғашқы матчына дайындықты жалғастырамыз. «Таразға» қарсы ойынды асыға күтеміз. Сенбіге дейін барлығы сапта болады деп үміттенемін.  Бізде микрозақым алған ойыншылар бар, бірақ біздің мамандар олармен жұмыс істеп жатыр. Біз «Орталық» көгалында өзіміздің мықты тұстарымызды көрсеткіміз келеді. Кезекті алға қадам жасауымыз үшін бізде әлі бір апта бар. Барлық жанкүйерлерді маусымның бірінші матчына шақырамын!

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»