«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Алексей Шпилевский: «Бұл біз үшін маңызды және қажетті жеңіс»
Қайрат

Алексей Шпилевский: «Бұл біз үшін маңызды және қажетті жеңіс»

21 сентября 2019
/ 11:00

«Қайраттың» бас бапкері Алексей Шпилевский «сары-қаралардың» «Қайсар» командасына қарсы матчтағы жеңісіне қатысты өз ойымен бөлісті.

- Өткен жолы мен осы үстел басында жеңіліс тапқан адам рөлінде отырдым. Қазір бәрі басқаша. Мен бүгінгі жеңіске өте қуаныштымын. Бұл біз үшін маңызды және қажетті жеңіс. Ойын басында жігіттерге қиын болды деп ойлаймын. Газонға, ауа райы жағдайларына бейімделу қажет болды. Алматыда мұндай ыстық емес. Бұл әсер етті. Бірақ содан кейін олар бейімделді. Бірінші таймда төреші қарсыластың қақпасына пенальтиді тағайындамады. Егер біз бірінші жартысында  гол соққан болсақ, матчтың нәтижесі басқаша болар еді. Екінші таймның басында команда өз ынтасын көрсетті. Біз агрессивті, жинақы әрекет жасадық. Ертең туған күні болатын, біздің президентіміз Қайрат Советайұлын құттықтағым келеді! Менің ойымша, ол біздің жеңіске өте қуанышты. Команданың сөзінде тұрғанына.

«Қайсарға» Қазақстан Кубогының финалында сәттілік тілегім келеді. Турнирдегі жеңіс-сіздің мақсатыңыз екенін білемін. Сіздерде бәрі ойдағыдай болатынына, үміттенемін!

 

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»