Алексей Шпилевский, «Қайраттың» бас бапкері:
- Ең алдымен, «Жетісу» командасын және оның бапкерін жеңісімен құттықтаймын. Қарсыласымыздың жеңіске деген ұмтылысы жоғары болды. Біз де ойынға жақсы дайындалдық. Алайда, осыншама гол жіберіп алғанымыз жарамады. Әсіресе, ойында соғылған алғашқы гол. Бірінші голды жіберіп алсақ, қарсыластарымыздың мүмкіндігі зор болатынын да білдік. Алайда, «Жетісу» командасы барын салып соққан голды қақпаға өткізіп алдық. Бірінші таймда «Қайрат» қатты ынтамен ойнамады, ойынға ақырын ілестік.
Екінші таймда тактикамызды өзгерттік, шабуыл жасау үшін ойыншыларды көбейту мақсатында орталық қорғаушыны алып тастадық. Есепті теңестіруге мүмкіндіктеріміз болғанымен, тағы да қақпаға қарсыластың голын өткізіп алдық. Ойында соғылған екінші гол біздің барлық үмітімізді сөндірді. Келесі аптада «Астана» клубымен өз алаңымызда ойын өткіземіз. Әрі қарай дайындығымызды жалғастырамыз. Бұл матчта футболшыларымыз өзін жаңа қырынан көрсетеді деген үміттемін. Дұрыс шешім де қабылдай білу керек. Премьер-лиганың командаларына қарсы ойын көрсету қиын. Жүз пайыз дайындықпен барымызды салып ойнауды жігіттерден талап етеміз.