1988 жылы Олимпиада ойындарын ұтып алған, қазір киевтік «Динамоны» жаттықтыратын аты аңызға айналған жартылай қорғаушы Алексей Михайличенко арнайы біздің сайтымыз үшін ОЖЖ-дағы «Қайраттың» ойынынан алған әсерлерімен бөлісті.
- Алексей Александрович, «Қайрат» пен «Динамо» арасындағы бүгінгі спаррингті қалай бағалайсыз?
- Мен «Қайраттың» «Легияға» қарсы матчын көрдім. Мен бұл ОЖЖ екенін жақсы түсіндім. Бүгінгі матчта екі түрлі құрам ойнады. Барлығы клубтың алдында ең бірінші байланыс орнату міндеті тұрғанын түсінеді. Нәтиже екінші орында, бастысы дайындық. «Легиямен» ойында көргенім де, бүгін көргенім де маған ұнады. «Қайрат» - жылдам ойнауға тырысатын, шабуылда өткір әрекет ететін, табанды және техникалық команда. Мен өзім үшін сіздерді «тікенекті» команда деп атап өтер едім. Бұл да маңызды. Тағы да айта кеткім келеді, бүгін біз алдағы кезде болатын «Қайрат» командасын көрмедік. Қазір, ОЖЖ-да басқа міндеттер тұр.
- «Сары-қаралардың» құрамында кімді атап өтер едіңіз?
- «Легияға» қарсы ойында маған голкипер Владимир Плотников қатты ұнады. Оганесянды атап өтемін. Әрине, доппен жақсы әрекет ететін және үнемі аабағытталған Эсеоланы. Ол менің есімде жақсы сақталды. «Динамодағы» кезінен. Егер ол прогресс жасауын тоқтатпай және жаңаша ашыла бастаса, қуанамын. Оның таланты бар. Егер уақыт болса, келесі оқу-жаттығу жиынында сіздің команданың матчтарын қуана қараймын. «Қайратқа» сәттілік тілеймін.