Петропавлдық футбол футбол мектебінің түлегі және алматылық «Қайраттың» қапталдағы қорғаушысы Александр Соколенко клубтың ресми сайтына берген сұхбатында соңғы матчтың нәтижесі мен еурокубок аясындағы алдағы кездесу туралы пікірін айтты.
- Александр, жеңіспен құттықтаймыз! Екінші айналымды жеңіспен аяқтадық, матч туралы не айта аласың?
- Рақмет, команда мен жанкүйерлерді жеңіспен құттықтағым келеді. Ойын өте ауыр болды, біз «Қызыл-Жардың» қорғаныс арқылы ойнайтынын білдік. Петропавлда ойнау барлық командаларға қиын болады.
- Сен туған жеріңе оралдың. Өз стадионыңа шығуың ерекше сезім берді ме?
- Өз қалаңа оралу қашан да ерекше ғой. Мансабымның көп бөлігін өткізген стадионда өз жақындарым мен достарымды көрдім. Маған қолдау көрсеткен әр адамға көп рақмет айтамын.
- Алда Алматыда ауыр матч күтіп тұр, бейсенбіде біз «Сигмамен» ойнаймыз. Чехиядағы өкінішті жеңілісті ескере отырып, команданың жағдайы туралы айтып берші?
- «Сигмамен» кездесуге келер болсақ, команда тек келесі кезеңге өту туралы ғана ойлап жүр. Біз әрі қарай өту үшін барымызды саламыз. Өткен матчты ұмытып, жылдам голдар соғуға тырысуымыз керек. Мен барша жанкүйерлерімізді стадионға шақырғым келеді, бізге сіздердің қолдауларыңыз қажет!
Фото: Қызыл-Жар СК