«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Александр Широбоков: «Арамызда бұл ойынға көңілі толған адам жоқ»
Қайрат

Александр Широбоков: «Арамызда бұл ойынға көңілі толған адам жоқ»

30 июля 2023
/ 06:00

«Қайрат» қорғаушысы «Қайсармен» (0:0) ойнаған тең ойын туралы пікір айтты.

– Саша, ойын туралы пікіріңді айтып кетсең.

– Арамызда бұл ойынға көңілі толған адам жоқ деп ойлаймын. Тең ойнау арқылы мақсатқа жеткеннен гөрі ұпайдың мағынасын көбірек сездік.

– Ойын жоспары қандай болды? Оны қаншалықты орындадыңдар?

– «Қайсар» артымызға доп лақтырып ойнайтынын түсіндік. Сондықтан шабуылға белсенді түрде шықаннан кейін допқа көбірек таласу керек болды. Өкінішке қарай гол соға алмадық.

– Ақтөбеде өтетін келесі ойыннан не күтесің?

– «Ақтөбе» – чемпионат көшбасшыларының бірі. Олармен ойнау әрқашан қызық. Дайындық барысында ойын жоспарын құрамыз. Оны алаңда жүзеге асыруға тырысамыз.

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»