«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Александр Седнев: «Командада сенімсіздік болды»
Қайрат

Александр Седнев: «Командада сенімсіздік болды»

31 марта 2019
/ 00:00

Александр Седнев, «Ақтөбе» ФК бас бапкері:

- Өкінішке қарай, бірінші таймда сәтсіз ойнадық. Қарсылас үлкен басымдыққа ие болды. Қателерді түсіндіру қиын. Оларды түзету одан қиынға соқты. Командада сенімсіздік болды. Бірінші таймжа ол бізді осындай инертті футбол ойнауға мәжбүрледі. Дегенмен, егер мұндай голдарға әкелетін қажетсіз қателіктер болмаса, матч басталғандағы бастама үшін күрес ойынның сызбасын алдын ала анықтайтын еді.

Екінші таймда біз ойынға енуге тырыстық, көптеген позициялық шабуылдар ұйымдастырдық. Көптеген перспективалық амалдар болды. Гол соқтық, бірақ, өкінішке қарай, бізде шеберлік жоқ. Әсіресе аяқтау кезеңінде. Егер біз екінші голды соққанымызда, біз үшін жеңілірек болар еді. Кез келген эпизод матчты өзгерте алады. Өкінішке қарай, мұндай эпизод үшін біз жеткілікті түрде ойнамадық.

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»