«Ақтөбе» ФК бас бапкері Александр Седнев «Қайратқа» қарсы матчтан кейін БАҚ өкілдерінің сауалдарына жауап берді.
- Ойынның бірінші жартысында біз шабуылда жақсы ойнаған қарсыласты тоқтата білдік. Өкінішке орай, допқа бірдей иелік ету қолымыздан келмеді. Екінші таймда да қарсылас алыс қашықтықтан шабуыл жасауға ұмтылды. Олар асығыс ойын өрнегін көрсетті, сондықтан да қарсы шабуыл жасауға тырыстық. Алайда екінші гол бізді психологиялық жағынан сындырып жіберді. Ойыншылар соған қарамастан қорғанып бақты. Әрине, біздің жанкүйерлерге үлкен рахмет!Қиын кезде қолдап, қонақтарға арналған секторда бос орын болмады. Осындай антураж жасағаны үшін оларға алғысым шексіз. Өкініштісі - біз осындай қолдауға лайық ойын көрсете алмағанымыз. Бұл жағдай бізді жауапкершілікке жетелейді деген ойдамын. Футболшыларыма мін тағу – мен үшін ауыр нәрсе. Олар барын салып, жақсы ойын өрнегін көрсетуге тырысты.
-Өткен маусымның үздігі Маркос Пиззелли қашан қалыпқа келеді?
- Қалыпқа келуге бір ай, мүмін екі ай кетеді. Ота қаңтар айында өтті. Ақпан – қалып қелудің бірінші айы болса, жалпы уақыт 6 ай уақытты құрайды. Әрине, әр ойыншы маңызды, оның үстіне сөз Маркос туралы болса. «Қайрат» жақсы ойын өрнегін Исламханның арқасында көрсете алды деп ойлаймын. Матчқа дайындық барысында «Қайратқа» қалай қарсы тұрсақ болады деп бірнеше мүмкіндіктер қарастырған болатынбыз. Иә, Маркос секілді жоғары деңгейлі ойыншы керек-ақ.
- Екінші гол соғылу кезінде қателіктер орын алды деп ойламайсыз ба?
- Бұл «оқушылар» санаты соғатын гол екенін жақсы білеміз. Қорғаушылар өзінің жылдамдығын көрсете алмады. Мүмкін, ойын бұзушылық орын алды. Қалай болғанда да , бұл – біздің кінәміз.
- «Ақтөбенің» Премьер-лигадағы мүмкіндігі қандай?
- Бұрын бұл сұраққа жауап бергенімде, ұпай санынан аз мөлшерде қалған болатынбыз. Бізге қазіргі таңда ең маңыздысы - кезекті ойынға халық жинау. Футболшыларға демалыс алуға мүмкіндік беру қажет. Ойыншылар алаңға қандай да бір ұпай жинау үшін жинауға щығады. Алайда тынығып, дем ала алмаған ойыншылар үшін – қиын жағдай. Оның үстіне трансферлік терезе жабық болуы тағы бар. Клуб бұл жолда бірнеше қадамдар жасап жатыр. Қарыздарға байланысты бізде жағдай өте қиын, алайда ешкім комананы тастап кетіп жатқан жоқ. Клуб басшылығы, облыс басшылығы және директор қолдан келгенін жасап бағуда.