«Қайраттың» қорғаушысы Александр Мрынский клубтың баспасөз қызметіне берген сұхбатында Қазақстан OLIMPBET-Чемпионатының 11-туры аясында «Мақтааралға» (1:3) қарсы өткен ойынға қатысты пікір білдірді.
– Саша, матч туралы айта кетсең.
– Біз тек жеңеміз деп келдік. Ойын алдында жеңіске деген құштарлығымыз сезіліп тұрды. Матч басында өз қатемізден екі гол жіберіп алдық. Екінші таймда ойынымызды өзгертіп, қарсыласқа көбірек шабуыл жасай бастадық. Бірақ матчтың нәтижесі бойынша алға қойған мақсатқа жете алмадық.
Команда атынан жанкүйерлерден кешірім сұраймын. Біз бұл жауапкершілікті өз мойнымызға аламыз. Жағдайымызды да түсінеміз. Осындай қиын кезеңде бізге қолдауларыңыз екі есе қажет.
– Сен екінші таймда шықтың. Бапкерлер штабы саған қандай нұсқаулар берді?
– Әдеттегідей алға ұмтылып, қарсыласқа белсенді қысым жасау керек болды. Мен командамызға шабуылда көмектескім келді. Алайда біз қалаған нәтижеге қол жеткізе алмадық.