«Қайрат» бас бапкері Александр Кержаков матчтан кейінгі баспасөз мәслихатында Премьер-лиганың 16-турында «Елимайды» жеңгеніне (4:1) байланысты пікір айтып, журналистердің сұрақтарына жауап берді.
– Жылдам соққан екі голымыздың арқасында қарсыластың рухын түсіріп жібердік. Оларға есін жию қиын болды. Біз допсыз жақсы ойнадық. Екінші таймда тағы да екі жылдам гол соғып, сенімді бастадық. Кейін ойын мәселесі шешілді. Жігіттер жақсы ойнады, стандартты жағдайларды жақсы пайдаланды. Жалпы, стадиондағы қолдаудың арқасында лайықты түрде жеңіске жеттік деп ойлаймын. Бұл энергия жігіттерге, ал жігіттерден жанкүйерлерге берілді. Біз беріліп ойнап, барлық тартысты сәтте мінез көрсеттік.
– Матчқа жаттыққанда стандарттарды дайындадыңыз ба? Бұған дейін «Қайрат» шабуылда стандарттарда аз гол соғатын. Үш орталық қорғаушының бір матчта гол соғуы бірінші рет болып тұр.
– Біз матчқа қарамастан, стандарттарды әрқашан дайындаймыз. Бұл қалыпты практика, яғни «Қайрат» та алдын-ала әзірлейді деген сөз. Бұрыштама не айып добы болғанда барлығы әрқашан қапталдан берілетін пасқа байланысты. Бізде ұзын бойлы ойыншылар бар. Пас жақсы өтсе, бұл әрқашан қауіпті болады. Жақсы сәттің болуы – оның қаншалықты дұрыс әрі ойыншының уақтылы ашылғанына байланысты. Қарсылас команда жеке-дара ойнады. Бұл тұрғыда ойыншыны алдау керек болды. Біз мұны істей алдық. Гадранидің голына келсек, оның соққысы өте жақсы болды. Біз оны дайындамаған едік.