«Қайрат» бас бапкері Александр Кержаков матчтан кейінгі баспасөз мәслихатында Премьер-лиганың 14-турында «Жеңіспен» тең түскен ойынға (1:1) пікір айтты.
– Нашар матч, нашар нәтиже. Бірінші таймды тамаша ойнағаннан кейін біраз есімізді жинағандай болып, екінші таймды жақсы бастадық. Дегенмен гол соққаннан кейін қайта бірінші таймдағыдай ойнадық. Әрине, осылай ойнағанымыз үшін қарсылас бізді жазалады.
– Станоев пен Громыконың дебютін қалай бағалар едіңіз?
– Маған матчты бірнеше рет мұқият, егжей-тегжейлі көру үшін уақыт керек. Қазір бірден айту өте қиын.