Ресейлік маманмен келісімшарт тараптардың өзара келісімі бойынша бұзылды. Онымен бірге оның көмекшілері Владимир Казаков пен Руслан Аджинджал да клубтан кетеді.
Кержаков «Қайратты» мамыр айының соңында басқарды. Оның жетекшілігімен командамыз 12 матч өткізіп, 6 рет жеңіске жетіп, 3 рет тең түсіп, 3 рет қарсыластарына есе жіберді.
Александр Анатольевичке атқарған жұмысына алғыс айта отырып, мансап жолында одан әрі табыс тілейміз!