«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Александр Кержаков: «Біздің міндет – алаңға шығып, жанкүйерлерді қуантып, барынша ойнауға тырысу»
Қайрат

Александр Кержаков: «Біздің міндет – алаңға шығып, жанкүйерлерді қуантып, барынша ойнауға тырысу»

26 августа 2024
/ 16:05

Ойыннан кейінгі баспасөз мәслихатында «Қайрат» бас бапкері Александр Кержаков Премьер-лиганың 18-турында «Тобылмен» тең түскен ойынға байланысты (2:2) пікір айтып, журналистердің сұрақтарына жауап берді.

– Мазмұны жағынан біз үшін өте пайдалы ойын болды. Көп нәрсе қалағанымыздай болмады. Жанкүйерлерге ойын қарқыны, атмосферасы мен матч барысы жағынан ұнады деп ойлаймын. Нәтижеге риза болуымыз керек. Тең есеп – әділ.

– Бұл матчта Сантананың жоқтығы үлкен рөл атқарды ма?

– Бізде ойыншы өте көп. Бар футболшылармен ойнаймыз. Матчты біреу жарақатына байланысты, екіншісі тым көп сары қағаз алғанына байланысты жіберіп алады. Бұл футбол. Соған көнуіміз қажет. Әуедегі допта бәрінен жеңіліп жатсақ, ұзын бойлы футболшы жетіспеген болар. Бірақ, тағы айтайын, Элдердің жоқтығына мұңаймаймыз. Мәселе басқа компоненттерде болды. Біз бұл жайлы командамен кішкене сөйлесіп үлгердік. Бізде біреудің жоқтығы, дайындық барысында қандай қиындықтарға тап болатынымыз ешкімді қызықтырмайды. Бұл стадионға келген жанкүйерлерді де, ойынды теледидардан көріп отырғандарды да алаңдатпайды. Бұл тек біздің проблемаларымыз. Ол команда ішінде қалады. Біздің міндет – алаңға шығып, жанкүйерлерді қуантып, әр матчта барынша ойнауға тырысу. Бүгін турнирлік кестенің басында болғысы келетін команданың ойынын көрсетпеген сәттер болды.

– Командаға тіреуіш жартылай қорғаушы жетіспейтін сияқты. Жіберген екі гол бірдей болды десек болады.

– Біз кімді көргіміз келетіні және кімнің жетіспейтіні жайлы спорт бөлімімен сөйлесеміз.

– Гол соғылғаннан кейін «Қайрат» қорғаныста жатып алып, қарымта шабуылда ойнауға тырысқандай болды. Жылдам жіберіп алған гол команданың еңсесін түсіріп жіберді ме?

– Кез келген бапкерден сұрасаңыз, олардың ешқайсысы 1:0 есебімен алаңнан кетуден бас тартпайды. Сол голдан кейін қорғаныстағы ойынға қатысты бапкерлер штабынан нұсқау болған жоқ. Бұл кез келген командадағы футболшылардың психологиясына қатысты мәселе болса керек. Біз соған байланысты жұмыс істеп жатырмыз.

– Қазақстан құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов хабарласты ма?

– Станислав Саламович маған хабарласпады. Ол футбол алаңында өз идеяларын жүзеге асыруға қандай ойыншылар қажет екенін жақсы білетін білікті маман.

– Қазақстан құрамасына шақырмағанына байланысты Андрей Ульшиннің көңілі түспеді ме?

– Бұл туралы өзінен сұраған дұрыс. Андрейдің өз ойыны арқылы жанкүйерлерге қуаныш сыйлап, өзін көрсетіп жүргеніне қуаныштымыз. Бұл, соның ішінде, біздің командаға ұпай жинауға көмектеседі.

– Ульшин қатарынан екінші голын соғып, командасына ұпай әкелді. Оның үстіне соңғы секундтарда айып добынан тамаша соқты. Ойыннан кейін оған бірдеңе дедіңіз бе?

– Біз командалық спорт түрін ойнаймыз. Гол соғатын да, гол жіберетін де команда. Андрей өзіне берілген тапсырмаларды орындайтын команданың бір бөлігі. Кейде ол жақсы ойнайды, кейде өзін көрсете алмайды. Біз онымен жеке ештеңе талқылаған жоқпыз.

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»