«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Александр Кержаков: «Біз жігерленіп шықтық. Басқаша ойнау мүмкін емес болды»
Қайрат

Александр Кержаков: «Біз жігерленіп шықтық. Басқаша ойнау мүмкін емес болды»

30 июня 2024
/ 14:05
«Қайрат» бас бапкері Александр Кержаков матчтан кейінгі баспасөз мәслихатында Премьер-лиганың 13-турында «Астананы» жеңгеніне (3:1) байланысты пікір айтып, журналистердің сұрақтарына жауап берді.
– Ойын біз ойлағандай өтті. Қарсыласты талдап, олардың қалай ойнайтынын және бізге қай жағынан қауіп төндіретінін білдік. Біз сол нәрселерді бейтараптандыруға тырыстық. Жігіттерге көп рақмет. Олар жарады! Біз талқылаған құрылымды ұстанды. Жіберіп алған гол мен пенальтиден басқа қақпамыздың алдында басқа қауіпті сәттер болған жоқ. Біз мүмкіндіктерімізді керемет пайдаланып, қарсы шабуылдарды жақсы шығып жаттық. Солай ойнаймыз деп сендік. Менің ойымша, біз лайықты жеңдік. Бұл барлық жігіттің үлкен жетістігі. Олар осы матчтың басты қаһармандары! Тіпті матчқа қатыспағандар да. Атмосферамыз күшті болды. Жігерленіп шықтық. Басқаша ойнау мүмкін емес болды.
– Қазақстандағы төрелік деңгейін Кипр немесе Сербиямен салыстыра аласыз ба?
– Сұрақ қойғаныңызға рақмет, бірақ мен төрелік деңгейін, төреші шешімдерін талқыламаймын. Олардың өз жұмысы бар, менің өз жұмысым бар. Ойыншылардың өз жұмысы бар, сіздің өз жұмысыңыз бар. Мен бұл мәселеде кәсіпқой емеспін. Алаңда эмоционалды түрде әрекет етуім мүмкін, бірақ ойыннан кейін ештеңе талқыламаймын.
– «Қайрат» әрқашан үстем жасап футбол ойнайды, ал екінші таймда командаңыз негізінен қорғаныста болды. Бұл сіздің нұсқауыңыз болды ма, әлде «Қайрат» жанкүйерлері «Астананыкынен» де көп болса да, ойыншылар өздері сырт алаңда есепті сақтап қалғысы келді ме?
– Сіз жанкүйерлер жайлы айтып кеттіңіз. Оларға көп рақмет! Расымен де, біз үйде ойнадық. Оны сездік. Олардың қатты қолдағаны бізге көмектесті. Тактика жайында айтатын болсақ, қорғаныс та, шабуыл да футболдың бір бөлігі. Жеңіске жету үшін өз ойынымызды ойнадық. Бұл іске асты. Біз қарсыласты талдай отырып, матчқа өте мұқият дайындалдық. Соңғы турды өткізгендіктен, дайындалуға біраз уақытымыз болды. Ойын жоспарын дайындап, жігіттердің арқасында оны жүзеге асыруға уақытымыз жеткілікті болды.
– Чемпион болу деген мақсатыңызды айтсақ, бірінші орын үшін күресте қай командаларды басты бәсекелес деп санайсыз?
– «Қайрат» – футболдағы жоғарғы орын үшін күресуі керек клуб. Бәсекелестерге келетін болсақ, осы Премьер-лигада ойнайтын командалардың барлығы. Біз ешкімді жете бағаламаймыз. Бәрі кәсіпқой. Әр ойын біз үшін финал сияқты және ол әрқашан солай болуы керек.
– Жазғы трансферлік терезеде қандай да бір позицияға жаңа ойыншы қарастырасыз ба?
– Біз бұл жағдайды спорт бөлімімен, басшылықпен бірлесіп талқылаймыз. Құрамымызға қосылатын ойыншыларды білетін боласыз. Ешкім келмесе, ештеңе етпейді. Командамыз өте жақсы. Жақсы ойыншыларымыз бар. Атмосферамыз да жақсы.
– Ойында Қазақстан құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов болды. Сіз мұны білдіңіз бе және бұл команданы жігерлендірді ме?
– Енді ғана білдім. Қосымша ынталандыруға қарсыластың аты мен матчтың маңызы да жеткілікті деп санаймын. Жігіттеріміздің бәрі өте өршіл. Жеңіске ұмтылып тұрады.
– Офри Арад пен Иброхимхалил Юлдошевті ауыстырдыңыз. Олардың жарақаты бар ма?
– Менің білуімше, олардың еш жарақаты жоқ. Біз ойыншыларды ойын жағдайына қарай ауыстырып отырдық. Алаңның сапасы әсер етті, өйткені біз жасанды төсеніште жаттығамыз және, әрине, футболшылардың бұлшық еттері сәл басқаша әрекет етіп, тезірек шаршайды. Алдында айтқанымдай, бізде негізгі және қосалқы ойыншылар жоқ. Барлық 25 ойыншы – бастапқы құрамның ойыншылары. Біз оларға үміт артып, сенеміз. Олар алаңға шығып, не істей алатынын, олардан не талап ететінімізді көрсетуге дайын.
arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»