«Қайрат» бас бапкері Александр Кержаков матчтан кейінгі баспасөз мәслихатында Премьер-лиганың 11-турында «Тобылдан» жеңілгені (0:1) жайлы пікір айтты.
– Матч жайлы пікір айту қиын. Бір нәрсе айта аламын. Жасаған мүмкіндіктеріңді соға алмасаң, онда жеңіске жетемін деп ойламай-ақ қой. Бірінші таймның ортасында жоспарлағанымыздай допты ұстап, дұрыс ойнай бастадық. Өкінішке қарай, гол жіберіп алғаннан кейін ғана іске асты. Екінші таймда ойынды қадағалап, есепті теңестіруге тырыстық. Кейбір сәттерде тәуекелге бардық. Сондықтан, әрине, қақпамызға қарай қарсы шабуылдар да болды. Өкінішімізге қарай, көп гол соғатын команда ғана жеңеді. Бұл жағдайда қарсылас басым болды.