Александр Арефьев жаңа тағайындау алды — маман С. П. Квочкин атындағы балалар адемиясының бас жаттықтырушысы қызметіне ауысты.
Клубтың маңызды және басым бағыттарының бірі қазақстандық жас футболшылардың ұрпағын тәрбиелеу болып табылады. 2020 маусымында Александр Петровичтің алдына жаңа міндеттер қойылды: өзінің ұзақ және табысты мансабында алған тәжірибе мен білімімен бөлісу.
Александр Арефьев «Қайраттың» құрылымында 2012 жылдан бастап жұмыс істейді, UEFA Pro лицензиясына ие. Өткен маусымда Қазақстан чемпионатының бірінші лигасында өнер көрсеткен «Қайрат-Жастар» командасын басқарды.
Александр Петровичке жаңа шыңдар мен жеңістер тілейміз!