«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Александр Арефьев: «Бес гол соқтық, бірақ одан да көп гол соға алатын едік»
Қайрат-Жастар

Александр Арефьев: «Бес гол соқтық, бірақ одан да көп гол соға алатын едік»

22 октября 2019
/ 11:00

«Қайрат-Жастар» бас бапкері Александр Арефьев Бірінші лиганың 24-ші турының қорытындысын шығарды.

- Александр Петрович, басым жеңіспен құттықтаймын! Матчтан алған әсеріңізбен бөлісіңіз.

- Бұл ойын біз үшін маңызды болды. Бізге негізгі қарсыласымыз қарсы тұрды. Оның үстіне, бірінші айналымда біз жеңілдік.  Тартысты күрес болса да, 2:3 есебімен ұтылып қалдық. Сондықтан да, жігіттерде реванш алуға деген үлкен ықылас болды. Біз мұны істей алдық. Дайындық өте жақсы болды. Біз бірінші минуттардан бастап өз дегенімізге қол жеткізетіндігімізді түсіндірдік. Менің ойымша, есеп  барлығын дәлелдеп тұр.

- Одан да көп гол соғатын мүмкіндік болды ма?

- Иә, бізде көп сәттер болды. Әсіресе қарсылас алға шыққаннан кейін. Оларда гол салуға деген үлкен ықылас болды. Тиісінше біз қорғаныста пайда болған бос аймақтарды пайдаландық. Біздің шабуылдаушы топ көптеген сәттерді жасады. Бес гол соқтық, бірақ одан да көп гол соға алатын едік. Жеңіске жетіп, өзіміздің олардан мықты екенімізді дәлелдегіміз келді. Қорытынды есеп әділ деп ойлаймын.

- Тәжірибелі қақпашы Павлов командасына көмектеспеді ме?

- Ол негізгі құрамның ойыншысы, тәжірибелі қақпашы, бірақ біз күштірек болдық. «Астана-М» құрамында бірінші командадан алты адам болды. Олар да барын салды. Сондықтан да ойын қызықты өтті.

- Қандай гол ең маңызды болды?

- Әрбір гол өзінше ерекше болды. Бірінші, өйткені командаға сенімділік берді. Артур Шушеначев ерекшеленген екінші гол да ұнады, себебі жылдам қарымта шабуылда соғылды. Біз барлық алаңды бар болғаны төрт паспен өттік. Тіке шабуыл. Барлық доптар маңызды болды.

- Бұл маусымдағы ең жақсы ойын ба?

- Ең үздік ойындардың бірі. Бірінші лига кестесінің көшбасшыларымен де жақсы кездесулер болды. «Алтайға» қарсы. «Қызылжармен» жақсы ойнадық. Жалпы, ойындардың көпшілігінде біз қарсыластардан әлсіз болмадық. екі-үш матчтан басқа.

- «Астана» командасына қарсы ойында Швырев тағы да көзге түсті. Сіз қалай ойлайсыз, ол ненің арқасында тәжірибе қосты?

- Швыревтің болашағы бар. Барлығы оның қолында. Егер ол кәсіби және байсалды жұмыс істесе, онда көп нәрсеге қол жеткізе алады. Оның таланты бар. Ең бастысы-футболға деген көзқарас. Негізгі құраммен тұрақты жаттығулар оған тәжірибе қосады. Әсіресе, аға жолдастары оны тәрбиелейді, кеңес айтады. Әрине, прогресс көрінеді. Әсіресе соңғы уақытта. Ең бастысы, басындағы ойы дұрыс болу керек.

 

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»