«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Александр Арефьев: «Балалар ойын қызығына енгендей»
Академия жаңалықтары

Александр Арефьев: «Балалар ойын қызығына енгендей»

25 февраля 2020
/ 12:00

Қазіргі таңда С.П. Квочкин атындағы Академияда аға жаттықтырушы қызметінде жұмыс істеп, сондай-ақ «Қайрат» U-10 командасын жаттықтырып жатқан Александр Арефьев DINAMO CUP турниріндегі қарсыластар деңгейін бағалап, тәрбиеленушілерінің алтын медальдарға қалай қол жеткізгендігі жайлы сұхбат берді.

- Александр Петрович, DINAMO CUP деңгейін қалай бағалайсыз?

- Турнир бізге өте ұнады, өйткені ол жақсы деңгейде ұйымдастырылған. «Қайраттан» турнирге барлығы төрт команда қатысты: 2008, 2009, 2010 және 2011 жылдары туған балалар. Барлығы лайықты деңгейде өнер көрсетті: U-10 алтын жүлделерінен басқа, біздікілер күміс пен қола медальдар жеңіп алды. 2008 жылы туған команда бесінші орынға ие болды. DINAMO CUP турнирі Украина, Ресей, Қазақстан, Өзбекстан, Беларусь, Балтық жағалауы елдерінің командаларын жинады. Яғни қатысушылар құрамы өте қызықты болды.  Мықты командалар көп болды. Сондықтан да турнир біз үшін өте пайдалы болды. Әр жас санатында біз лайықты нәтиже көрсеттік. Қарсылас командалар өкілдері бізді турнирлерге шақырды.

- Сіз жақында ғана 2010 жылы туған ойыншылардың командасымен жұмыс істей бастап, команданы турнирде чемпиондыққа әкелдіңіз.  Кубоктың алғашқы матчы сіз үшін қалай өтті?

- «Қайрат» U-10 бірінші рет халықаралық турнирде өнер көрсетті. Бұған дейін команда тек біздің елдің командаларына ғана қарсы ойнап көрген Сондықтан да, Dinamo CUP турнирінің бастапқы матчында толқу болды. Біз басымдыққа ие болғанымызға қарамастан, Минскілік командаға есе жібердік. Ал, одан әрі жеңістер болды. Балалар алаңға тез бейімделіп, көп гол соға бастады.

- «Сары-қаралардың» Ригадан келген команданы 13:0 есебімен жеңген матчы туралы айтып берсеңіз.

 - Ригадан келген команда осындай турнирлерге енді ғана қатысып жатыр. Бұл футболшылардың деңгейі көптеген ұжымдарға қарағанда төмен болды. Есеп көрсетіп тұрғандай, біздің ойыншылар жеңіске оңай қол жеткізді. Оның үстіне, бастапқы сәтсіздіктен кейін ойынға деген бағдар мықты болды.

- Плей-офф кезеңіндегі матчтар қалай болды?

- Ойындар негізінен табанды күресте өтті. Біз бірінші жергілікті «Динамомен» бәсекелес «Смена» командасын жеңіп, содан кейін динамолықтардың өздерін жеңдік. Ширек финалда бес гол соғып, жартылай финалда жеңіске қол жеткізу үшін екі гол да жетті.

- Финалға қандай формада келдіңіздер?

- Балалар ойын қызығына енгендей... Финалға алтын аламыз деген нық сеніммен шықтық. Бізге ең мықты қарсылас – мәскеулік «Динамо» қарсы тұрды. Ойын барысында біз екі рет есеп бойынша қалып қойдық, алайда футболшылар мінез көрсетіп, чемпиондық атаққа лайықты екенін дәлелдеді. Өте қиын матчта біз 3:2 есебімен жеңіске жеттік.

 

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»