«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Акош Элек: «Ойынның ауыр боларын білдік»
Қайрат

Акош Элек: «Ойынның ауыр боларын білдік»

14 мая 2018
/ 00:00

«Қайраттың» тіреуші жартылай қорғаушысы «Тобылға» қарсы матч жайында.

- Бұл ауыр ойын боларын білдік. Себебі «Тобыл» - жақсы команда, ойыншылары сапалы. Негізі бар жанымызды салып ойнаған едік, бірақ, өкінішке қарай, ол жеткіліксіз болып шықты. Екі команда да нашар алаңның кесірінен техникалық қателіктерді көп жіберді. Әдеттегідей допты бақылауда ұстай алмадық.

Ойынымызды үдете түсуге болатын еді, бірақ тәуекелге барғымыз келмеді. Команда ойынды жеңіп алғысы келген, матчтың соңғы минуттарында алға ұмтылдық. Соның салдарынан «Тобыл» жылдам қарымта шабуыл жасап, гол соғып кетті. Әрине, көңіліміз түсті, бірақ қазір команда өткен маусымға қарағанда жақсырақ жағдайда. Алда ұлттық құрамалар үзілісіне дейін үш ойын бар және бізге тоғыз ұпай жинау қажет. 

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»