«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

2025 жылғы маусымға арналған БАҚ аккредиттеуі
Клуб жаңалықтары

2025 жылғы маусымға арналған БАҚ аккредиттеуі

06 февраля 2025
/ 20:00

«Қайрат» ФК баспасөз қызметі Алматының Орталық стадионында өтетін Премьер-лига, Қазақстан Кубогы мен Лига Кубогының өз алаңындағы матчтарында жұмыс істеуіне БАҚ өкілдерін аккредиттеуге өтінім қабылдап жатқанын хабарлайды.

Өтінім press@fckairat.kz электрондық поштасына қабылданады.

Өтінім беру мерзімі:

  • - Бірінші кезең – 2025 жылғы 30 наурызға дейін
  • - Екінші кезең – 2025 жылғы 2 маусымнан 10 маусымға дейін

Барлық өтінім жеке қаралады. Аккредиттеу мәртебесіне қатысты жауап өтінім берілген сәттен бастап 5 жұмыс күні ішінде беріледі.

Аккредиттеу түрлері

PRESS – жазушы журналистер

  • - Пресс-ложаға кіруге рұқсат
  • - Микс аймағына кіруге рұқсат (ойыншыдан сұхбат алу)
  • - Баспасөз мәслихатына кіруге рұқсат

MEDIA – фото және видео журналистер

  • - PRESS-ке берілген барлық құқығы бар.
  • - Алаң жиегіне шығуға рұқсат (фото және видеотехника жұмысы)
  • - Түсіру кезінде манишканы міндетті түрде кию керек

Өтінімдегі құжаттар

  • - Аты-жөні
  • - БАҚ атауы
  • - Байланыс телефоны
  • - 3×4 фото (JPG/PNG)
  • - Журналист куәлігінің көшірмесі немесе жұмыс орнынан анықтама
  • - MEDIA-ға – манишка өлшемін көрсету керек (стандарт / үлкен)

MEDIA-ға арналған манишка бүкіл маусымға беріліп, журналистерде қалады.

Рұқсатты бақылау

  • - Аккредиттеу бейджінде тексеруге арналған бірегей нөмір мен QR коды болады
  • - Алаң жиегіне бейджсіз және манишкасыз кіруге тыйым салынады

Бір реттік аккредиттеу

Бір матчқа қана аккредиттеу қажет ететін журналистер бір реттік рұқсаттамаға өтінім бере алады.

  • - Өтінім матч басталғанға дейін 24 сағаттан кешіктірмей press@fckairat.kz поштасына қабылданады.
  • - Бір реттік бейдж бірегей нөмір, QR коды мен күні бар мөр арқылы қорғалған.
  • - Бір реттік бейдж матч күні «Қайрат» ФК фан-шобында беріледі.

Бейджді пайдалану жауапкершілігі

  • - Аккредиттеу бейджі – жеке құжат. Оны үшінші тұлғаға беруге тыйым салынады.
  • - Бейдж басқа тұлғаға берілсе, оның күші жойылады. Ал журналистің аккредиттеуі қалпына келтірілмей жойылады.
  • - Бейдж жоғалған немесе ұрланған жағдайда журналист дереу баспасөз қызметіне хабарлауға міндетті.

Рұқсат ережелерін сақтау

  • - Барлық аккредиттелген БАҚ өкілі аккредиттеу түріне (PRESS немесе MEDIA) сәйкес қатаң белгіленген аймақтарда болуы керек.
  • - Фотографтар мен видеооператорларға жарнамалық LED тақталарының артында, қақпалардың артындағы аумақта ғана жұмыс істеуге рұқсат етіледі.
  • - Матч кезінде журналистер пресс-ложада қалуы керек.

Кәсіби тәртіпті сақтау

  • - БАҚ өкілдері матчты ұйымдастырушылардың, ойыншылар мен басқа да қатысушылардың жұмысына кедергі жасамауы керек.
  • - Қосалқы ойыншылар орындықтарына, команданың шешінетін бөлмелері мен аккредиттеуде көзделмеген басқа аумақтарға кіруге тыйым салынады.
  • - «Қайрат» ФК баспасөз қызметінің рұқсатымен ғана ойыншылармен, бапкерлер мен клубтың ресми өкілдерімен сұхбат жасауға болады.

Стадионға кіру тәртібі

  • - БАҚ өкілдері стадионға Абай даңғылынан, турникеттердің оң жағында, Kairat Sportpub жанынан кіре алады.
  • - Стадион трибуналарына 11-кіреберіс арқылы батыс трибуна жақтан кіреді.
  • - Барлық аккредиттелген БАҚ өкілі бейджді көрінетін жерде тағуға міндетті.

Аккредиттеудің күшін жоятын тәртіп бұзулар

  • - Өтінім беру ережелерін бұзу немесе жалған деректер беру.
  • - Аккредиттеу бейджін үшінші тұлғаларға беру.
  • - Клуб беделіне нұқсан келтіретін жалған ақпарат тарату.
  • - Матч кезінде стадионда мінез-құлық ережелерін бұзу.
  • - БАҚ қызметін тоқтату немесе журналистті жұмыстан шығару.

Осы ережелерді сақтамаған жағдайда «Қайрат» ФК-да аккредиттеуден бас тарту құқығы бар.

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»