Минскіде 2011 және 2009 жылы туған балаларға арналған Dinamo Сир халықаралық турнирі аяқталды. 2011 жылы туған тәрбиеленушілер («Қайрат U-9») 2-орынды, ал 2009 жылы туған команда («Қайрат U-11») қола медальға ие болды.
Командалық марапаттардан бөлек, біздің ойыншыларымыз жеке жүлделер де иемденді. Алихан Белғожа (U-9) «турнирдің үздік шабуылшысы» атанып, ал Надыр Маваори (U-11) жарыстың үздік жартылай қорғаушысы атанды. Естеріңізге сала кетейік, жақында осындай турнирге 2008 және 2010 жылдары туған командалар да қатысады.