«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Академия ресми жарыстарға дайындалып жатыр
Академия жаңалықтары

Академия ресми жарыстарға дайындалып жатыр

06 февраля 2019
/ 00:00

«Қайрат» Қазақстан Премьер-лигасы футбол клубтарының тәрбиеленушілері арасында өтетін барлық ресми сайыстарға қатысатынын мәлім етті. Бұл жерде әңгіме жасөспірімдер мен жастар командалары арасындағы ел чемпионаты мен кубогында болып отыр.

Бірінші жағдайда жүлде жеті жас бойынша сарапқа салынады. Осылайша, 2001 жылы туған ойыншылардан бастап 2007 жылғыларға дейін өз дәрежелері бойынша чемпиондық титулдар мен жүлделер ойнатылады. Бұл турнирлердің матчтары 14 сәуірде басталып, 18 тамызға дейін жалғасады.

Сәл ғана демалыс алған соң жас ойыншылар балалар мен жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасы кубогында бақ сынасады. Бұл турнирдің ойындары 8 қыркүйек пен 27 қазан арасында өтеді. Кубоктық кездесулер ең кішкентай жас топтары арасында ойнатылмайды.

- Жас қайраттықтарды жылдың ресми сайыстарына дайындау егжей-тегжейлі жасалған оқу-әдістемелік жоспар бойынша өтіп жатыр, - дейді «Қайрат» ФК техникалық директоры Евгений Красиков. - Теориямен қатар жүйелі түрде практикалық жаттығулар да өткізіледі, жолдастық матчтар қажетті мөлшерде ойнатылады. Біздің тәрбиеленушілеріміздің оқу-жаттығу жиындары халықаралық талаптарға сай салынған «Қайрат» ФК резерв Академиясының спорттық нысандарында өтеді. Жақында оның жетекшісі болып беделді неміс маманы Вольфганг Гейгер тағайындалды. «Штутдгарт», «Ганновер», «Хофенхайм», «Зальцбург», «Лейпциг» және басқа да көптеген танымал командалардың резервін сәтті дайындаған ол өзінің жұмысына ерік-жігермен кірісті. Гейгер мырза өзінің лауазымына кірген алғашқы күндерінен-ақ академиямыздың әлеуетін дамытуға қосып жатқан үлесі байқалады.

- «Қайратта» оқу-жаттығу процесінің заманауи және үйлесімді философиясын жасау бойынша үлкен көлемде жұмыс жасалғанын айта кеткенім жөн, - дейді «Қайрат» ФК резерв Академиясының директоры Вольфганг Гейгер. – Алдағы сайыстарда тәрбиеленушілеріміздің алдына қойылған тапсырмаларға келер болсақ, «Қайраттың» беделін ескеруіміз қажет, яғни, бізге жеңістен басқа мақсат қойылмаған. «Қайраттың» тәрбиеленушілері озық әдістеме арқылы футболшы ретінде шеберлігін ұштап жатыр. Біздің салып жатқан күш-жігеріміз өз жемісін алып келуі қажет. Шәкірттеріміз командалық, шабуылдаушы, жалынды, жанкүйерлер үшін көрікті футбол көрсетеді деп үміттенеміз. «Қайрат» табысқа жету жолын дұрыс таңдай алатын футболшыларды тәрбиелеп жатыр. 

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»