Тәжікстан жасөспірімдер құрамасының (U-16) бас бапкері Т.С.Сегізбаев Академисяында болып, ондағы жас қайраттықтармен матч өткізді. Бапкер өзінің алған әсері туралы сұқбатта айтты.
Ахлиддин Турдыев, Тәжікстан жасөспірімдер құрамасының (U-16) бас бапкері: «Қайрат» футбол клубына қонақжайлылығы үшін алғысымды айтамын. Біз жолдастық кездесу өткізуге сіздерге алғаш келуіміз. Алда азиялық іріктеу ойындары күтіп тұр. Соған дайындалудамыз. Бұрын Қытайға турнирге қатысуға барғанбыз.
«Қайрат» Академиясы - мен көрген инфрақұрылымның ішіндегі ең үздігі. Казаньда болдым, алайда «Қайратта» бәрі де жоғары деңгейде. Тәрбиеленушілердің тұратын жері, жаттығу залы, оқу корпустары – бәрі тамаша.
Біздің алматылықтармен жолдастық кездесулеріміз жиі өтеді деген ойдамын. Тәжіребие алмасу өте маңызды. Балаларыңыз жақсы жаттыққан, прессингті жақсы ұстай алады. Бізге дем алуға мүмкіндік бермеді десе де болады. Осындай қарсыласпен ойнау – біз үшін абырой. Бапкердің мықты жұмыс жасағаны көрініп тұр. Қазақстан футболының өсіп келе жатқаны қуантады. Онымен қоса, жерлеріңіз Еуропада орналасқан. Сондықтан да, сіздерде еуропалық футболдың нышаны бар»