«Қайраттың» қапталдағы қорғаушысы Ғафуржан Сүйімбаев «Ордабасыға» қарсы матч жайында пікірін білдірді.
- Шымкенттегі матчтар біз үшін қашан да қиынға соғады. Өткен матчта да солай болған: «Ордабасының» өзінің алғашқы мүмкіндігін пайдаланып, бізге алдыңғы шепте қиын болған еді. Екінші таймда гол соққан едік, бұл командаға көмектесті. Алға шығуға тырыстық. «Ордабасы» матч бойы қорғаныста болды, ал бізге өз мүмкіндіктерімізді пайдалану кезінде сәттілік жетіспеді. Матч соңындағы пенальти ойын барысын өзгертіп жіберді. Ең өкініштісі, голдарымыз өзіміз алып келдік.
Енді алда чемпионатта жеңіске жетуден басқа ештеңе қалмады. Бар күшімізді саламыз деп уәде береміз.