«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Ғафуржан Сүйімбаев: «Біз тек жеңіске дайындалдық»
Қайрат

Ғафуржан Сүйімбаев: «Біз тек жеңіске дайындалдық»

16 сентября 2019
/ 11:00

Кездесудің басты кейіпкерлерінің бірі болған «Қайрат» қорғаушысы Ғафуржан Сүйімбаев «Жетісу» командасына қарсы матчтағы жарқын жеңіс туралы айтты.

- Ғафуржан, басым жеңіспен құттықтаймын!

Рахмет. Біз барлығымыз «Орталықты», жанкүйерлерімізді сағындық. Жеңіске жетуге құштар болдық. Бұл матчта біз тек жеңіске дайындалдық. Біз бүгін ойлағанымыздың көпшілігін жүзеге асыра алдық. Сондықтан да, осындай нәтижеге қол жеткіздік.

- Әдемі голмен және нәтижелі голдық паспен құттықтаймын!

-Үлкен рахмет! Мен Мартон Эппелдің голына қатысқаныма қуаныштымын және де өзімнің гол соққаныма. Бастысы команда жеңді. Біз бірінші орын үшін күресуді жалғастырамыз, сондықтан да «Жетісуды» жеңу өте маңызды болды.

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»