«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Адеринсола Эсеола: «Қолдау көрсеткен жанкүйерлерге рақмет»
Қайрат

Адеринсола Эсеола: «Қолдау көрсеткен жанкүйерлерге рақмет»

12 ноября 2018
/ 00:00

Алматылық «Қайраттың» үздік сұрмергені Адеринсола Эсеола – Андрей Аршавиннің «Шахтермен» матчтан кейінгі қоштасу рәсімі және Қазақстан чемпионатындағы сұрмергендер жарысы жайында.

- Андрейді әдемі шығарып салдық – жанкүйерлердің келгені, қолдау көрсеткені, бәрін ұйымдастырғаны ұнады. Барлығы әдемі, жоғары деңгейде және менің ойымша, осындай топ-ойыншыға, осындай футболға тұлғасына осындай матч керек. Келіп, қолдау көрсеткен жанкүйерлерге рақмет. Әрине, әр матчта осылай болғанын қалаймын, бірақ, көптеген адамдар бізді жыл бойына қолдады, тек Алматыда ғана емес, еурокубок кезінде бүкіл ел болып қолдау көрсетті. Оларға үлкен алғыс айтамын.

Иә, мен сұрмергендер жарысында жеңіліп қалдым, бір гол жетіскен жоқ. Бірақ мен өзімнің алғашқы маусымымда-ақ үздік сұрмерген атанғым келмеді. Қызықтың бәрін келесі маусымға қалдырайық (күліп). Шынымды айтсам, ол осы маусымда үздік ойыншы болды. Менің ойымша, шабуылшылар арасында ең жақсы нәтиже менде: осы маусымда барлығы 20 гол соқтым, бұл өте жақсы көрсеткіш деп санаймын. Осы маусымда чемпионатта форвардтардың бірі менен көп гол соқты деп ойламаймын. Статистика мен үшін бәрін айтып тұр. Маркостың жарақат алғанын білемін, оған тез арада сауығып кетуін тілеймін, бәріміз бір нанды жеп жүрміз, бұл спорт, оның рахаты осында, бәріміз де соңына дейін күресеміз.

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»