«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Адеринсола Эсеола: «Мен нәтижелі пасқа өте қуаныштымын»
Қайрат

Адеринсола Эсеола: «Мен нәтижелі пасқа өте қуаныштымын»

18 августа 2019
/ 11:00

«Қайраттың» шабуылшысы Адеринсола Эсеола «Таразға» қарсы матч туралы, өзінің голдық пасы туралы айтып, және де осы маусымда чемпиондық титулға үміткерлерді белгіледі.

- Дерин, кезекті голыңмен, жеңіспен құттықтаймын!

- Рахмет! Кейбір матчтарда мен мүмкіндіктерді жіберіп алдым, бүгін гол соқтым. Алдыда көп жұмыс күтіп тұр. Болашақта өткеннің есесін қайтарамын деп ойлаймын.

- Голға көп қуандың ба, әлде капитанға берген нәтижелі пасқа ма?

 - Мен жиі голдық пас бере бермеймін. Сол үшін де мен нәтижелі пасқа өте қуаныштымын. Бұл командаға қажет еді. Бұл дәл керек уақытта болды. Матчтың  маңызды сәті, шабуылдағы тиімді әрекет, гол. Қалай қуанбайсың?

 - Екінші таймның басындағы сары қағазға таң қалдың ба?

- Ол жерде қағаз болған жоқ. Сөзсіз. Мен қарсыласты көрген жоқпын, ол менің артымда болды. Мен жәй допқа ойнағым келді. Яғни, іс жүзінде ереже бұзған жоқпын. Бірінші фол үшін шабуылшыға сары қағазды қалай бере алады?

- Бірінші гол туралы жағдайды айтып берші. Сен қорғаушының екі аяғының арасынан допты өткізгің келді ме?

- Мен алыстағы бұрышқа соқтым. Доп кесіліп, қақпашының артына түсті. Осылай болғаны жақсы болды. Барлық голдар мінсіз болмайды. Ең бастысы голдың болғаны, осындай оңай емес матчта. Ең бастысы доп қақпаның сызығынан өтті, қандай жолмен болғаны маңызды емес. Бізге бірінші таймда ойын оңайға түспеді. Қарсыластар қарымта шабуылда жақсы әрекет етті. Бірнеше рет олар бізді «кешірді». Сол үшін де ең бастысы гол соғу болды.

- Қазір неше команда шынымен де чемпиондыққа үміткер?

- Алдыңғы қатарда келе жатқан барлық төрт команда титулға күресуде. «Ордабасы», «Астана», «Тобыл» ешқайссысын есептен алып тастауға болмайды.  Егер де барлығы осылай жалғасатын болса, онда алтын медальға күрес соңғы турларға дейін барады. «Астанаға» чемпиондыққа күрес пен Еуропа Лигасының топтық кезеңіне өтуді бірге алып жүру қиын болатыны түсінікті. Бұл оңай емес, мен білемін. «Тобыл» жақсы команда. Жақсы футболисттер. Бапкерлер ауысқаннан кейін клубта қандай көңіл-күй екенін қайдам, бірақ команда жақсы футбол ойнады. Оларда керемет орындаушылар.

- Сен қайтадан ақсаңдап жүрсің, бір апта бұрын да осылай болған...

- Бұл өткен аптада «Таразбен» болған матчта алған жарақаттың салдары. Айып добын тапқан фолдың нәтижесі. Қазір жақсырақ, бірақ білек әлі аурыңқырайды.

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»