«Қайраттың» шабуылшысы Адеринсола Эсеола талдықорғандық «Жетісу» қақпасына соғылған алғашқы голдың авторы атанды. Ойыншы клубтың баспасөз-қызметіне матч нәтижесі туралы пікірін айтты.
- Матч тартысты болды, бірінші таймда қарсыластың қорғанысынан саңлау таба алмадық. Себебі олар жақсы қорғана білді. Ал екінші таймда матч есебін ашып, екінші голды да жылдам соқтық. 2:0-ден кейін ойын тағдырын шешіп, оны бақылауда ұстадық. Бірақ матч соңында сәл ғана босаңсуымыз бізге үлкен қиындық тудыра жаздады. Бірақ бәрі ойдағыдай аяқталды.
Менің голдарыма келер болсақ, «Қайрат» сапында көп гол соққым келеді.