«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Адеринсола ЭСЕОЛА: «Дұрыс қорытындысы шығардық»
Қайрат

Адеринсола ЭСЕОЛА: «Дұрыс қорытындысы шығардық»

02 февраля 2019
/ 00:00

«Қайрат» пен Босния және Герцеговинаның «Вележ» клубы арасындағы жолдастық матчты көргендер ойынның басты қаһармандары деп алматылық команданың форварды Адеринсола Эсеола мен «Вележ» шабуылшысы Нурмин Фаичті атар еді.

Эсеола қайраттықтар соққан үш голға да ат салысты. Ал Фаич болса, гол соғып, «Вележдің» ұтылмауына көмектесті.

- Біз жылдам және міндетті емес гол жіберіп алдық, - деді «Қайрат» ФК шабуылшысы Адеринсола Эсеола. – Бірақ, оған дұрыс жауап қата алдық. Қорытынды шығардық. Бірден өзіміз екі гол соғып, кейін ойынды бақылауда ұстадық. Өкінішке қарай, жиынның салдарынан шаршауымызға байланысты қателіктер жіберіп, жеңіс есебін ұстап қала алмадық. Сәл босаңсып қалған сәтімізде қарсылас тең есепті жұлып әкетті. Бірақ қазір дайындық матчтары өтіп жатқанын ұмытпаған жөн. Біз өзара әрекеттесу бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Жалпы алғанда, жақсы нәтиже деп санаймын.

- Алматылық команданың ойынын мұқият талдадық, - дейді «Вележ» ФК шабуылшысы Нузмин Фаич. – Бейнематериалдарды егжей-тегжейлі зерттедік. Ұзақ дайындалдық. «Қайрат» - өте мықты, дұрыс жолға қойылған, тактикасын өзгерте алатын және ойынға жігерлерген қарсылас. Жеңілмей, жолымыз болды. Көп тұрғыда пайдалы әрі әсерлі ойын шықты, көбіне ләззат сыйлады. 

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»