«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Адеринсола Эсеола: Чемпиондық гол соғуды армандадым
Біз туралы БАҚ

Адеринсола Эсеола: Чемпиондық гол соғуды армандадым

18 ноября 2019
/ 12:00

Белгілі қазақстандық журналист Владимир Жарков Адеринсола Эсеоланы ҚПЛ үздік бомбардирі атағын жеңіп алуымен құттықтап, бірнеше маңызды сұрақтар қойды. Есте қалған гол, азаматтық алу және «Қайраттағы» болашағы туралы.

- ҚПЛ үздік бомбардирі атағын жеңіп алуыңызбен Prosports.kz атынан құттықтауды қабыл алыңыз. Маусым басталар алдында өзіңізге осындай мақсат қойдыңыз ба?

- Құттықтаулар үшін рахмет. Мақсатқа келер болсақ, менің ойымша, әрбір шабуылшы алдына осындай мақсат қояды, немесе, кем дегенде оған жақындауға тырысады. Гол соғу және үздік бомбардир болуға ұмтылу - бұл форвардтың жұмысы. Сондықтан да, әрине, мен чемпионаттың алдында КПЛ-де мергендік жарысын жеңіп алу міндетін қойдым, мен әр маусым сайын өз алдыма осы мақсатты қоямын.

- Чемпионаттың аяқталуына жақын қалғанда сізді Марин Томасов соққан доптар саны бойынша басып озды, қандай сезімде болдыңыз?

– Әрине жағымсыз, әсіресе мен ұзақ уақыт бойы қол жеткізген елеулі артықшылықтарымнан бір ғана ойында айырылдым (Томасов «Ақтөбемен» болған матчта «покер» жасап, бомбардирлік жарыстың көшбасшысына айналды-прим. Prosports.kz). Екінші жағынан, мен әрдайым бәсекелестікті жақсы көремін, менде чемпионаттың соңына қосымша ынта пайда болды.

- Өткен жылы сіздің ассистенттеріңіздің арасында Андрей Аршавин мен Исаэл болды, бірақ сіз 2019-чемпионатқа қарағанда екі голға аз гол соқтыңыз.  Бұл қалай болды?

- Олар маған кедергі келтірмегеннен көп соқтым (күледі). Әрине, әзіл. Егер шынына келсек, менің ойымша, биылғы жылы менде сәттер де көп болды, командалық ойын стилі де мен үшін анағұрлым қолайлы болды.

- Маусымның ең есте қалған голын атай аласыз ба?

- Мен бұл голдың чемпиондық болғанын қатты қаладым.  Өкінішке орай, олай болмады. Жалпы, голдар - менің жұмысым, әр гол өзінше құнды. Қандайда біреуін айшықтап атай алмаймын, егер де менің соққым «Қайратқа» титул әкелгенде, мүмкін... Дегенменде, біреуін айтайын - маусымның басында мен «Ақтөбеге» айып алаңынан тыс жерден гол соқтым, бұндай менімен жиі кездесе бермейді.

- Маусымның ең үлкен көңіл қалдырған жері?

- Әрине, «Астанамен» өткен матчта, біз сонда чемпиондықты жіберіп алдық.

- Сіздің ойыңызша, «Қайратқа» чемпион болу үшін не жетіспеді?

- Менің ойымша, «Қайрат» бұл дистанцияда өз мінезін жақсы көрсетті, қиын жағдайдан біз ең биік шыңға көтерілдік. Біздің көшбасшылықты соңына дейін ұстап қала алмағанымызға қандайда  бір себептер айту қиын. Мүмкін, концентрацияның жоғалуы, мүмкін, тәжірибенің жетіспеуі. Мүмкін, ең жауапты сәтте айырмашылықты жасайтын футболшы табылмады. Мүмкін, барлық осы факторлар «Астанаға» қарсы шешуші матчта жиынақталды.

- Павлодарда «Ертістен» ойсырай ұтылып, алматылықтардың «алтынға» деген мүмкіндігінен нақты айрылған сәттен кейін команданың киім ауыстыру бөлмесінде не болды?

- «Алтынды» біз Павлодарда қолымыздан жіберіп алдық деп ойламаймын. Дегенмен, әрине, өте жағымсыз болды, біз құлдырадық.

- Екі рет қатарынан сәтті өткізген маусымнан кейін сізге Украина құрамасынан байланыспады ма?

- Жоқ, Украина құрамасынан менімен әзірше ешкім байланыспады. Бірақ мен бәрібір сенемін, шақырту күтемін және де шақырту алу үшін қолымнан келгеннің барлығын жасаймын.

- Мүмкін, Қазақстан азаматтығын алуға тырысып көресіз? Біздің құрамаға гол соққыш форвард артық болмас еді.

- Бұл мәселені жабайық. Біріншіден маған оны ешкім ұсынбағандығынан бастайық. Екіншіден, Қазақстанда өздерінің сапалы орындаушылары бар деп есептеймін. Ал үшіншіден, ең бастысы, мен өзі - натурализацияға жалпы қарсы адаммын. Менің ойымша, ойыншы өз ұлттық командасының намысын қорғайтын елде өсуі керек. Тек осы жағдайда ғана ол шын мәнінде тудың көтерілуінен, әнұранның шырқалуынан шынайы эмоцияларды сезінуге қабілетті болады. Мен - патриотпын, Украинаны жақсы көремін және басқа құрамаға ойнағым келмейді. Бірақ бұл менің жеке ұстанымым, мен оны ешкімге байламаймын және ешкімді айыптамаймын.

- Сізде «Қайратпен» келісім-шарт аяқталады. Ары қарай не болады?

– Осы жаңа келіссөздер аяқталды, олар сәтті өтті - алматылық клубта әлі екі жылға қаламын.

 

 

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»