«Сары-қаралардың» шабуылшысы маусымның көп бөлігінде ҚПЛ мергендері тізімінде көшбасшы болды. Тек қазан айының соңында ғана «Астананың» жартылай қорғаушысы Марин Томасов бірінші лигаға ұшып кеткен «Ақтөбемен» болған матчта покер жасап, аз уақытқа Эсеоладан озды.
Чемпионаттың қорытынды матчында Дерин «Атырау» қақпасын бағындырып, өзінің 19-шы голын соқты.
Осылайша Эсеола мен Томасов маусымды 19 соғылған голдық көрсеткішпен аяқтады. Алайда «Астаналық» хавбек бір голын пенальтиден соққан.
Құттықтаймыз, Дерин!