«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Адам Адахаджиев: "Өз алаңдағы ойын әрдайым ынталандырады»
Қайрат

Адам Адахаджиев: "Өз алаңдағы ойын әрдайым ынталандырады»

29 августа 2019
/ 11:00

Қазақстан жастар құрамасы көшбасшыларының бірі болып табылатын "сары-қаралардың" жартылай қорғаушысы Адам Адахаджиев алдағы қарсыластардың деңгейіне баға беріп, сондай-ақ Еуро-2021 іріктеу матчтарындағы жеңістер командаға сенімділік бергенін атап өтті.

- Алтыншы және оныншы қыркүйекте құраманы екі сынақ күтіп тұр…

- Иә, бізді өте қиын екі ойын күтіп тұр, бірақ біздің өз алаңымызда ойнайтынымыз бізге тапсырманы сәл жеңілдетеді. Өз алаңдағы ойын әрдайым ынталандырады және қосымша күш береді. Иә, біз алғашқы екі ойында жеңіске жеттік, бірақ әзірге бұл ештеңе де айтпайды, сонымен қатар осы ойындарда біз өз күшімізге деген сенімділікті сезіндік. Біз енді алдағы ойындарда қобалжусыз ойнаймыз. Алдағы матчтарда ұпай аламыз ба, алмаймыз ба білмеймін, бұл сұраққа тек уақыт жауап бере алады, бірақ біз күресеміз, сенеміз және де екі ойында  да соңғы ысқырыққа дейін футбол ойнаймыз.

- Испандықтарға қарсы ерекше дайындық бола ма?

- Әрине! Испандықтар, әрине, біздің топтың фавориті болып табылады, тек топтың ғана емес, барлық турнирдің де. Олар әрқашан жоғарғы орындарға күреседі. Бізді өте қиын матч күтіп тұр, бірақ біз оларға қарсы үйлесімді командалық ойынды қарсы қоя аламыз деп үміттенемін. Әрине, біз  «андердогпыз».

- Израиль құрамасының деңгейін қалай бағалайсың?

- Израильдіктер де қауіпті. Испандықтар сияқты болмаса да, Израильде үнемі жоғары деңгейдегі футбол көрсететін сапалы футболшылар болған. Екі ойында да бізге оңай болмайды, себебі екі команда да өте күшті. Біз күресеміз, тырысамыз, әр матчтың соңғы секундына дейін футбол ойнаймыз деп айта аламын.

- Сен жиі айып добын соғасың. Егер болашақ матчтарда мүмкіндік түссе, орындайсың ба?

- Мен жиі айып добын соғамын, бірақ осы маусымда бір ғана айып добын сәтті орындадым. Бұл мен ұмтылған нәтиже емес, менің ойынымның осы аспектісіне одан да көп жұмыс істеу керек. Құраманың Черногорияға қарсы ойынында  айып добын соғуға мүмкіндік туды, бірақ доп қабырғаға тиді. Егер мүмкіндік туса, соғамын ба білмеймін. Жаттығуда кімнің жақсы айып добын орындайтынын көрейік. Біздің құрамада қарсылас қақпашысын көңілін түсіруге дайын ойыншылар көп.

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»