- Барлық команда алдағы матчты асыға күтуде. Менің ойымша, әрбір футболшы осындай жоғары деңгейде ойнауды армандайды.Осындай мүмкіндік туғанына, біз бақытты болуымыз керек. Ойын, әрине, ауыр болады, өйткені мұндай турнирлерде оңай қарсыластар жоқ. Біз күрделі жекпе-жекке дайындаламыз, өйткені біздің қарсыласымыз қазір жақсы қарқынмен келе жатыр. Олар екі бастапқы матчта жеңіске жетті, олардың біреуін ойсырата жеңді. Әрине, бізге оңай болмайды.
- Команда бірнеше жаттығу өткізді. Бейімделу қалай өтті?
- Иә, біз Скопьеде екі жаттығу өткіздік, жасалған жағдайлар жақсы деп айта аламын. Дегенмен, уақыт айырмашылығынан бізге сәл қиын, бірақ біз үш күн бұрын келдік, сондықтан да бізде бейімделуге уақыт бар. Сонымен қатар, біздің штабта осы процесті жеңілдететін тамаша мамандар жұмыс істейді. Сондықтан да бейімделу мен дайындықта қиындықтар туындамауы керек.
- Македондықтар қандай футбол ойнайды?
- Македония техникалық футбол ойнағанды ұнататын мықты және жұмысқа қабілетті команда, бірақ олар жекпе-жекте де мықты. Қарсыластың рухы өте күшті және жеңілуді ұнатпайды, әрдайым соңына дейін күреседі. Стильі бойынша олар Черногорияға ұқсас. Оларда бірге-бір күресте жеңіп кететін мықты шабуылдаушы орындаушылар жетерлік. Қиын болады, сондықтан да біз бір-бірімізге көмектесе отырып, бір бүтін болып жұмыс жасау керекпіз.
- Алдағы матчта жеңіске жету қаншалықты маңызды?
- Бұл матч біз үшін өте маңызды, өйткені қазір бізде ұпай саны бірдей. Егер де біз бір нәрсеге қол жеткізгіміз келсе, бізге бұл ұпайлар өте қажет, бірақ македондықтардың да алдарына осындай мақсат қойғанын ұмытуға болмайды. Сондықтан бұл ойын екі команда үшін де өте маңызды. Сонымен қатар, біз қарсыластың жеңіс сериясын тоқтатқымыз келеді. Біз жеңгіміз келеді, бірақ бір ғана ниет жеткіліксіз, сондықтан да біз біртұтас командалық футболды көрсетуіміз қажет.
Дерек көзі: KFF