«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Адам Адахаджиев: «Бұл мен үшін маңызды қадам»
Қайрат

Адам Адахаджиев: «Бұл мен үшін маңызды қадам»

13 января 2020
/ 12:00

Адам Адахаджиев өткен маусымда «Қайрат-Жастар» үшін 25 ойын ойнап, Қазақстан жастар құрамасының сапында өзін жарқын көрсете білді, сондай-ақ «Қайраттың» сапында дебют жасады. Клуб Академиясының тәрбиеленушісі біздің сайтқа берген сұхбатында алғашқы рет негізгі құраммен өткізіп жатқан ОЖЖ туралы, өзін көрсету ниеті, демалыс,  маусымаралық кезеңдегі жеке дайындығы туралы әңгімеледі.

- Адам, маусымдағы бірінші ОЖЖ қалай?

- Барлық футболшылардың жақсы кондицияда болуы бірденен көзге түсті. Яғни барлығы демалыста жаттығып, барлығы жақсы дайындалған. Сондықтан бірінші жиын тамаша жағдайда өтуде. Ойыншыларға қосу оңай, ал жаттықтырушылар штабына жақсы дайындықпен келген ойыншылармен жұмыс істеген ұнайды. Командамен бірге ОЖЖ қатысатыныма өте қуаныштымын. Бұл мен үшін маңызды қадам. Ары қарай өзімді көрсетіп, өз қабілеттерімді көрсету керек. Командада қалуды қалаймын. Бұл қиын міндет.
Ешкімнің есіне салудың қажеті жоқ, бұл – «Кайрат», бұл жерде ең жақсы футболшылар жиналған. Сондықтан да әрдайым өз максимумыңды көрсету керексің. Жеке және командалық.

-Жиынға шақырылатыныңды қашан білдің?

- Маусымның соңында, жиналыстан кейін Алексей Николаевич (Шпилевский) жас ойыншылардың тобын жинап, команданың оқу-жаттығу жиынына қатысатынымызды жариялады. Біздің әрқайсымыз өзімізді көрсетуге мүмкіндік алатынымызды естігенімізде қуандық. Енді осы мүмкіндікті пайдалану керек.

- Демалысты қалай өткіздің?

- Үйде, Көкшетауда болдым. Онда менің ата-анам, атам мен әжем бар. Мен бір жыл бойы отбасымды көрмедім, сондықтан үнемі жақындарымның қасында болдым. Олармен көп уақыт өткіздім. Тыныш демалыс болды. Психологиялық тұрғыдан жеңілдеу маңызды болды.

- Артық салмақсыз келдің бе?

- Керісінше. Қазір маусымның соңына қарағанда екі жарым килограммға аздым.

- Демалыста формаңды қалай ұстадың?

 - Бізге клуб мамандары жеке бағдарламалар жасады. Мен сол бағдарламамен жаттығып, клубқа мәліметтерді жібердім. Сондай-ақ достарыммен футбол ойнадым. Біз барлығымыз «Энергетик» командасынан бастағанбыз. Сондықтан маусымаралық кезеңде жиі кездесіп, жүгіреміз. Бұл компанияда «Қайрат-Жастар» командасындағы Андрей Ульшин, «Тобылдағы»  Сұлтан Әбілғазы, «Оқжетпес» командасынан келген жігіттер бар. Форманы сақтап қалу үшін бірге жаттығамыз.

 

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»