Бүгін «Қайрат» футбол клубының ардагері Сергей Прокопьевич Квочкин тірі болса 80 жасқа толар еді.
Сергей Квочкин өткен ғасырда футбол фанаттарының нағыз кумирі болған. Кеңес футболының түлегі алматылық «Қайрат» сапында он маусым өткізіп, 61 рет қанжығасын майлады.
Тәжірибелі жанкүйелер оның ғажайып ойыны мен Кеңес Одағы құрамасында өнер көрсеткенін жақсы біледі. Оның ойыншы ретінде мансабындағы ең жарқын сәттердің бірі деп «Мараканада» бразилиялықтарға қарсы матчты атауға болады. Сол кезде Сергей Прокопьевич қарсылас қақпасына әдемі гол соққан болатын.
Футболымыздың аңызына айналған ол өмірің соңғы жиырма жылын балалар және жасөспірімдер командаларында бапкерлік жұмысқа арнады. Сергей Прокопьевич Ковчкин қазақстандық футбол тарихындағы ең жарқын шабуылшылардың бірі. 2003 жылы УЕФА оны «Қазақстанның алтын ойыншысы» деп таныған болатын.