«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Аңыздың туған күні
Қайрат

Аңыздың туған күні

12 мая 2018
/ 00:00

Бүгін аңызға айналған қазақстандық футболшы және «Қайрат» футбол клубының ардагері Тимур Санжарұлы Сегізбаев тірі болса 77 жасқа толар еді.

Тимур Санжарұлын қазақстандық футболдың патшасы деп сипаттауға болады. Бүкіл мансабын бір клубта өткізген Тимур Сегізбаев отандық футболдың символына айналды. Халық командасы сапында ол 12 маусым өткізіп, екі жүзден астам матчқа қатысты.

Биыл мамыр айында оның құрметіне қойылған «Қайрат» футбол клубы Академиясында Қазақстанның аңызға айналған футболшысы Тимур Санжарұлы Сегізбаевты еске алу үшін ардагерлер арасында республикалық турнир өтті. Турнирге қатысушылардың бәрі де оны есімі үлкен әріппен жазылатын адам деп еске алып, қазақстандық футбол мен «Қайратты» кеңес аймағына танытқан футболшы екенін айтты.

Тимур Санжарұлы Сегізбаевқа құрмет көрсетуге мақсатында Бірінші лиганың 8-туры мен Қазақстан Премьер-лигасының 10-тур матчтары бір минуттық үнсіздікпен басталып, ойыншылар алаңға «Қайрат» ардагерінің суреті салынған жейдемен шығады. 

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»