«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Аңызды еске алу үшін
Клуб жаңалықтары

Аңызды еске алу үшін

24 декабря 2018
/ 00:00

«Қайрат» Академиясында футболдан ардагерлер арасында Сергей Квочкинді еске алуға арналған республикалық турнир өтті.

Турнир екі күн бойы «Қайрат» футбол клубының аңызға айналған футболшы Сергей Прокопьевич Квочкин атындағы Академиясында болды. Үлкен турнирде Алматы, Шымкент, Тараз, Талдықорған және Жамбыл облысының ардагерлері қатысты.

Сайыстың ашылу салтанатына қатысу үшін Қазақстан футбол федерациясы президентінің кеңесшісі Сейілдә Байшақов келді. Турнирдің жеңімпазы атағын «Қайраттың» ардагерлері алды, ал күміс медальді Тараздың экс-футболшылары еншіледі, талдықорғандық ардагерлер мойнына «қола» тақты.

Турнир біткен соң қатысушы командалардың бәрі де осылай бастары жиналып, өздерінің сүйікті ойындарын ойнағандары үшін алғыс айтты. 

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»