«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

«Аңыз 10. Сегізбаев»
Академия жаңалықтары

«Аңыз 10. Сегізбаев»

20 декабря 2019
/ 12:00

Т. С. Сегізбаев атындағы Академияда «Аңыз 10. Сегизбаев» фильмінің жабық көрсетілімі өтті.

Клуб ардагерлері мен «Қайрат» ФК-ның Т. С. Сегізбаев атындағы Академияның тәрбиеленушілері үшін ұйымдастырылған іс-шарада «Қайраттың» экс-футболшысы, спорттық комментатор Диас Омаров, Тимур Санжарұлының үлкен қызы Айгүл Сегізбаева, фильмнің продюсері Әсем Абдрахова құттықтау сөз сөйледі.

«Аңыз 10. Сегізбаев» деректі фильмі аты аңызға айналған футболшы - Тимур Санжарұлы Сегізбаевтың «Қайрат» клубымен тығыз байланысты өмір жолы туралы баяндайды. 12 жыл бойы шабуылшы республиканың бас командасының түстерін қорғап, оның құрамында екі жүзден астам матч өткізді. Сонымен қатар, Тимур Сегізбаевтың есімі КСРО Жоғары лигасының тарихындағы «сары-қаралардың»  ең үздік нәтижесімен байланысты. 1986 жылы «Қайрат» ФК Тимур Санжарұлының басшылығымен КСРО чемпионатының турнирлік кестесінде жетінші орынға көтеріліп, УЕФА Кубогына ілігу үшін үш ұпай ғана жетпей қалды.

Фильмді бірге көргеннен кейін Тимур Санжарұлының қыздары клуб мұражайына ФИФА конгрестерінде берілген естелік медальдарды тапсырды. Соның ішінде Чикагода өткен Қазақстан Республикасының футбол қауымдастығы үшін маңызды, халықаралық футбол отбасына қабылданған 49-шы конгресстің медальі бар.

«Аңыз 10. Сегізбаев» фильмін барлық жанкүйерлер ертең, сағат 17:20-да «Хабар» телеарнасының эфирінде көре алады.

 


arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»