«Қайрат» пен «Ақтөбе» арасындағы матчта қарағандылық Артем Кучин төрелік етеді. Осы маусымда ол алматылық команданың қатысуымен үш матчта қызмет еткен болатын: «Астанаға» қарсы Суперкубок кездесуінде (0:3) және Премьер-лиганың 5-ші турында елордалық командамен матчта (1:1), сондай-ақ, «Атырауға» қарсы сырт алаңда өткен ойында (1:3).
Павлодарлық Андрей Попов пен қарағандылық Артем Конивец оған алаң жиегінде көмектеседі. Матчтың қосалқы төрешісі – алматылық Александр Алиев. Матч инспекторы болып шымкенттік Жұмағали Мүмбаев тағайындалды.