«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

«Аңсау» футбол клубы пен «Қайрат» Академиясының тәрбиеленушілері бірге жаттығу жасады
Клуб жаңалықтары

«Аңсау» футбол клубы пен «Қайрат» Академиясының тәрбиеленушілері бірге жаттығу жасады

11 октября 2018
/ 00:00

Т. С. Сегізбаев атындағы Академияда «Қайрат» ФК қолдауымен Қазақстанда алғаш рет «Аңсау» инклюзивті балалар футбол клубының таныстырылымы болды.

«Ерікті Мейірімділік Қоғамы» қоғамдық қоры «Қайрат» футбол клубымен бірге жасаған «Аутизмді жеңеміз» жобасы  аутизм спектрі бұзылған балаларға өздерінің жаңа қырларын ашуға көмектесіп, клуб тәрбиеленушілері мен «Оңсау» инклюзивті футбол клубының ойыншылары бірге жаттығу жасады. Сонымен қатар, балалармен танысу үшін негізгі команда ойыншылары Исаэль Барбоза мен Хуан Фелипе келді.

Бұл бірегей тәжірибе саналады, өйткені аутист балалар бір-бірімен араласып, нәтижелерге қол жеткізе алмайды деп есептеледі. Ал бүгінгі жаттығу жұмысы бұл қағиданың өтірік екенін көрсетті.

«Аутизмді жеңеміз» жобасы өз жұмысын 2013 жылы «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қолдауымен Алматы қаласы Аутист балалардың ата-аналары қауымдастығының базасы негізінде бастаған. Жоба аутизм спектрі бұзылған (АСБ) балалары бар қазақстандық отбасыларға көмектесуге арналады.

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»