Кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында «Қайраттың» бас бапкері Карлос Алос алматылық клубтан кетті деген жаңалық жарияланды.
«Қайрат» футбол клубы бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын хабарлайды, бапкер келісімшарт бойынша өз жұмысын жалғастыра береді. Қазақстан чемпионатындағы жарыс жалғасып жатыр, клубтың басшылығы әлі де болса испаниялық маманға иек артады.
«Қайраттың» баспасөз-қызметі кезекті рет тек ресми дереккөздерге сеніп, клубтың ресми сайтын бақылап жүруді сұрайды – fckairat.com.