«Қайрат» келер маусымда испандық JOMA фирмасының формаларында ойнайды.
Классикалық «сары-қара» түстердегі үй формасын халық алдына бразилиялық Жоао Пауло киіп шықты. Сырт алаңдағы ойындарға арналған ақ киіммен Еркебұлан Сайдахмет шықты. Ал қақпашы формаларын халық назарына біздің қақпашыларымыз Данил Устименко, Вадим Ульянов және Ефим Аитов ұсынды.
Содан кейін жиналған қонақтар арасында футбол клубының тарихы туралы шағын викторина өткізіліп, жеңімпаздарға біздің фан-дүкеннен тауарларды сатып алуға жеңілдік беретін сертификаттар табысталды.
Іс-шара соңында жанкүйерлер футболшылардың қолтаңбасын алуға және олармен естелік фотосуреттерге түсуге мүмкіндік алды.